Ариел Шаронның өміріне қауіп төнді
Ариел Шаронның өміріне қауіп төнді
Израильдің бұрынғы премьер-министрі Ариель Шаронның тағдыры
қыл үстінде тұр. «Тель а-Шомер» емханасының «Шива» медициналық орталығында 7
жылдан астам уақыттан бері ес-түссіз жатқан Шаронның жағдайы соңғы екі күнге күрт
нашарлаған көрінеді. Орталықтың бас дәрігері Зеэв Ротштейннің айтуынша, Израиль
жұрты кез келген жағдайға рухани және психологиялық тұрғыда дайын болуы тиіс:
«Жұртшылықты Шарон мырзаның қазіргі ахуалымен құлақтандыра отырып, оның ағзасындағы
аса маңызды бірнеше мүше істен шыққанын хабарлаймын. Жағдайы өте нашар. Жалпы
денсаулығы мен жасының егде тартқанын ескеру керек».
Ариэль Шарон 2001-2006 жылдар аралығында Израильдің үкіметін
басқарған. Палестиналықтарға қатысты қатаң ұстанымда болған ол Израиль мен
Иордан өзенінің солтүстік жағалауы арасына тосқауыл қойды.
2004 жылдың 4 қаңтарында инсульт алған Шарон комаға түседі.
Нейрохирургия бөлімінде бірнеше рет операция жасалғанымен, есін жия алмады. Кеше
ауруханада хал үстінде жатқан 85 жастағы экс-премьердің өміріне қатер төндірген
бірнеше инфекциядан құтылу үшін ем-дом жасалып, туғандары мен жақын туыстары Ариэль Шаронның төсегінің
басына жиналған болса, бүгін кез келген ем дом атаулыдан бас тартып, оны үйіне
шығарып алыпты.
Нұрахмет Қуат