Оймақтай ой! Рәміздерге бөлінген қаржыға көз алартқан қандай елміз!
Оймақтай ой! Рәміздерге бөлінген қаржыға көз алартқан қандай елміз!
Өскемендегі Ұлттық айшығымызды көре алмай күндеп жатқан өзге ұлт өкілдерін көзіміз шалып қалды теледидардан. Көпшіліктің пікірі қалай болар екен деп ойлап ем, Дәурен Қуат өз ойын әлеуметтік желіде бөліскен екен. Пікір қосыңыздар.
Даурен Куат
Бұл өзі қандай ел? Түсінбеймін.
Өскемен қаласының Алтай тауларына ұласатын бір жоталы биігінді желбіреп
көк туымыз тұр. Өскеменге жолым түсіп бара қалсам алыстан айбар төккен
сол көк тудың желбірегеніне көз тастамай кетпеймін. Мемлекетіміздің
басты рәміздерінің бірі болғандықтан оны ескіртпей, кірлетпей құрметтеп
ұстауымыз керек қой. Өткен жылы ШҚО әкімдігінің бюджетінен Туды Тудай
қылып ұстау үшін 7 млн теңге көлемінде
қаржы жұмсалған көрінеді. Енді сол ақшаны бапандай сөз етіп
кержақтарымыз кержақтанып сөйлеп жатыр. “Ақшаны текке желге ұшырғанша,
қажетімізге жаратпай ма? Бізде мәселе деген жетіп артылады” деп. Омай,
жел ұшырып әкеткен ақшаны көре қалған екен ғой. Көк тудың орнында қызыл
ту тұрып, ол күнге сарғай қалсыншы, әлгілер қырып салар еді.
Ниет-пиғылдары бір оңалмай-ақ қойды осылардың.