Бүгін бүкіл қазақстандықтардың жылдағыдай Елбасының халыққа дәстүрлі Жолдауын күтіп телеарналардың тікелей эфиріне үңілетіні рас. Алайда, www.zakon.kz ақпараттық порталының мәлімдеуіне сүйенсек, бүгін сағат түскі 12.00-де жолдануы тиіс Жолдау биыл телеарналардың тікелей эфирінен берілмейді-мыс.
www.zakon.kz ақпараттық агенттігінің дерек көздеріне сенсек, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы биыл тікелей трансцлия арқылы жолданбайды делінген онда. Жолдаудың теленұсқасын Астана уақытымен кешкі сағат 21.30-да мемлекеттік телеарналардан көруге болады.
Бұл Жолдауда негізінен “Қазақстан – 2050” стратегиясын орындалу барысы сөз болмақ. бұл жайында Елбасы Астанада “Болашақ” халықаралық стипендиаттарымның 20 Жылдық мерей тойына арналған форумда мәлім еткен болатын.