ТҮРМЕДЕГІ ЕКІ ҚАЗАҚ және «НҰР ОТАН»
ТҮРМЕДЕГІ ЕКІ ҚАЗАҚ және «НҰР ОТАН»
Былтыр АҚШ-та білім алып жүрген екі қазақ студентіне
«Бостон қаласында болған жарылысты ұйымдастырушылардың бірімен сыбайлас
болды” деген айып тағылғаны белгілі. Америкалық құқық қорғау органдары екі
жасқа «2013 жылдың 15 сәуіріндегі жарыс кезінде ұйымдастырылған лаңкестік әрекетке
қатысы бар айғақтарды жойып жіберу арқылы кедергі жасауға әрекеттенді» деген
айыппен Азамат Тажаяқов та, Диас Қадырбаев та келіскен жоқ. Яғни, мойындарына
алмады. Олар қаншама жазықсыз жанның қазасына әкеп соққан қылмысты ұйымдастыруы
мүмкін деген айыппен тұтқындалған ағайынды Царнаевтардың кішісі Джохармен
байланысы бар көрінеді. Оның үстіне, екі жігіт те Американың визалық тәртібін бұзыпты.
Егер содырлардың әрекетіне қатысты қылмыстары дәлелденсе, Тажаяқов пен Қадырбаев
25 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Үстіміздегі жылдың 15 қаңтарында
Бостон қаласында сотқа дейінгі тыңдау болып, сот отырысы 2014 жылдың 23
маусымына белгіленді.
Баласының тағдырына алаңдаған Атырау қалалық мәслихатының
депутаты Әмір Ысмағұлов (А.Тажаяқовтың әкесі) қазір Америкада жүр. Ал оның әріптестері
– «Нұр Отан» партиясының депутаттары оны партиялық тізімнен шығарып тастауға алғашқы
отырыста түгел дауыс беріпті. Енді қорытынды шешімді Аймақтық сайлау комиссиясы
айтуы тиіс.
Нәзия Жоямергенқызы