ҚАЗАҚСТАНҒА ЛИБЕРАЛДЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМА КЕРЕК ПЕ?

ҚАЗАҚСТАНҒА ЛИБЕРАЛДЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМА КЕРЕК ПЕ?

ҚАЗАҚСТАНҒА ЛИБЕРАЛДЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ  ЗАҢНАМА КЕРЕК ПЕ?
ашық дереккөзі
352

Жуырда Астанадағы Ұлттық баспасөз клубында «Қазақстанға либералдық қылмыстық заңнама керек пе?» деген тақырыпта баспасөз конференциясы өтті. Конференцияға ҚР Парламенті Мәжілісі, «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары Ж.Ахметбеков, Г.Баймаханова, В.Косарев қатысты. Жиында еліміздің түкпір-түкпірінен келген ұсыныс хаттар негізінде қылмыстық кодекске жаңа өзгерту енгізу туралы мәселелер де айтылды. Соңғы жылдары белең алып бара жатқан еліміздегі құқықбұзушылық салдарлары туралы да сөз болды. Құқық бұзған азаматтардың өздеріне тиесілі жауапкершіліктен құтылу жағдайлары да жиі кездеседі. Күн сайын үрейге толы түрлі ақпараттарды естиміз. Түрлі оқиғаларды көгілдір экраннан көреміз. Кісі өлтіру, әйелдер мен балаларға күш көрсету, өлімге апаратын жол апаттары көбейіп барады. 

Қандықол қарақшыларды, қазына мүлкіне қол салғандарды және басқа да қоғам үшін ерекше қауіпті қылмыскерлерді лайықты жазалап жүрміз бе? Осы себепті де, қылмыстық істерге қатысты жазалау шараларын қатайтуымыз керек. Сондай-ақ, жаңа қылмыстық кодекс жобасында кейбір жазықты адамдарға қатысты жеңілдетулер де қарастырылған. 

Сондықтан «бюджет қаражатын тиімсіз және дәлелсіз пайдаланғандарға, жеке тұлғаға қарсы жасалған қылмыстар, қорғансыз балаларға қарсы жасалған қылмыстар, терроризм және діни экстремизммен байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті қатайтуды талап етеміз», – дейді «Халық коммунистері». 

Қылмыстық кодексті күшейткен жағдайда елімізде болып жатқан түрлі қылмыстық істерге тоқтам болар еді. Бейшара ана айдың-күннің аманында баласынан айрылып қалмас еді. Бала ата-анасын жоғалтпас еді. Ұрлық-қарлық толастар еді. Қылмыскер өз айуандығы үшін қоғам алдында, мемлекет, заң алдында жауап беруге тиіс.

Едіге Бектас

Серіктес жаңалықтары