КӨГІЛДІР ЭКРАНДА – «ТҰРАН» ТВ»

КӨГІЛДІР ЭКРАНДА – «ТҰРАН» ТВ»

КӨГІЛДІР ЭКРАНДА – «ТҰРАН» ТВ»
ашық дереккөзі
253

     2014 жылдың
1 ақпанынан бастап ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм
индустриясы комитетінің қолдауымен сынақ тәртібінде «Тұран ТВ» жаңа телевизиялық
арнасы отандық эфирге шығатын болады. Елімізде 
ішкі және сыртқы туризмді дамыту аса маңызды болып отырғаны мәлім.

  Бұл еліміздің тарихы мен мәдениетін,
спортын, демалыстарын, саяхатын, ішкі туризмін дәріптеуге арналған қазақстандық
тұңғыш телеарна болып табылады. Хабар таратудың алғашқы кезеңінде еліміздің
барлық аумақтарында «Алма ТВ», «ID ТV» және «Отау ТВ» қазақстандық кабельдік
операторларының желілерімен қосарласа қызмет көрсету жоспарлануда. «Тұран ТВ»
телеарнасының бас директоры Роман Ботабековтың сөзіне қарағанда, арнаның
контенті саяхат, аңшылық, балық аулау, Қазақстанның туристік және мәдени
көзтартарлық жерлерін, ең дәмдітағамдарды,
салт-дәстүрді, түрлі ұлт өкілдерінің мерекелері мен тарихы сияқты тақырыптарды
қамтитын болғандықтан, жұртшылықтың қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Тың жаңалықтарды
іздеу мақсатымен телеарна авторлары Қазақстанның түкпір-түкпіріне сапар
жасайтын болады. Қазіргі таңда 50-ден астам бағдарлама түсірілді. Барлық хабар
таратудың 80 пайызын «Тұран ТВ» телекомпаниясының жеке өндірісінің контенті, ал
деректі және көркем фильмдер 20 пайызын құрмақшы.

Индира Байсалбекова

Серіктес жаңалықтары