РЕСЕЙ ПОЛИГОНДАРЫ ҚЫСҚАРАДЫ

     РЕСЕЙ ПОЛИГОНДАРЫ ҚЫСҚАРАДЫ

     РЕСЕЙ ПОЛИГОНДАРЫ ҚЫСҚАРАДЫ
ашық дереккөзі
329

                   РЕСЕЙ ПОЛИГОНДАРЫ ҚЫСҚАРАДЫ

Ресей сынақ алаңы ретінде жалға алып отырған жердің аумағын
азайтатын болды. Елге сүйінші хабарды жеткізген ҚР Аймақтық даму министрі Болат
Жәмішев бұл мәселенің үкіметаралық комиссия өткізген соңғы
отырыста талқыға салынғанын айтыпты. Енді ресейліктер жағы құжатқа қол қоюы
тиіс. Жәмішевтің орынбасары Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, Ресейге жалға алып
отырған полигондар толығымен пайдаға жаратылып, яғни, зымырандар жарылып жатқан
жоқ көрінеді. «Сондықтан біз Ресей жаққа шықтық та, сынақ алаңдарының көлемін
азайтайық деген ұсыныс тастадық. Сіздер (Ресей – Н.Ж.) өздеріңізге керекті
жерді қалдырыңыздар, ал қалған бөлігін айналымға қайта енгізіп, ауыл шаруашылығы
саласына қолдану үшін жергілікті атқарушы органдардың құзырына берейік».

Өскенбаевтың айтуынша, бүгінде Қазақстан тарапынан айтылған
ұсынысты қолдауға ресейліктер қарсы емес көрінеді. Әзірге қай облыс, қай аймақтағы
жер туралы нақты ақпарат жоқ, есесіне, жалға алу құны төмендейтіні анық.

Тарихқа жүгінсек, 1950-жылдары ҚазКСР-інің аумағына КСРО қарулы
күштерінің өте көп көлемдегі әскери нысандары мен сынақ алаңдары орналастырылған
болатын. Ол жерлерге ұшырылған зымырандардың әскери бөліктері түсетін,
зымырандық кешендер сыналатын, әуе қорғанысы мен басқа да қарулы күштерге қатысты
зерттеулер жүргізілетін. КСРО ыдырағаннан кейін полигондардағы сынақ жұмыстары
бұрынғыға қарағанда, 5-10 пайызға дейін қысқарыпты.

Қазір екіжақты келісімдерге сәйкес, Ресей Қазақстандағы
11 млн. гектар жерді сынақ алаңы ретінде жалға алып отыр. 

  Нәзия Жоямергенқызы 

Серіктес жаңалықтары