«Тек «Ел» деген сөз үшін»

«Тек «Ел» деген сөз үшін»

«Тек «Ел» деген сөз үшін»
ашық дереккөзі
395

Жуырда Сүлейман Демирель университеті қабырғасында «М.Жұмабаев» атындағы
халықаралық әдеби-шығармашылық, өнер бірлестігінің ұйымдастыруымен
  алты алаштың ардақ тұтар арысы, асқақ ақын,
қайраткер тұлға Мағжан Жұмабаевтың туғанына 120 жыл толуына орай  «Тек «Ел» деген сөз үшін» атты талантты
жастардың республикалық сайысының қорытынды марапаттау рәсімі болып өтті.  Аталмыш байқау 2013 жылдың қазан айында
басталып, желтоқсан айында жұмыстарды қабылдау тоқтатылған болатын. Байқауда
еліміздің 27 ЖОО-нан келген 
студенттерінің 200-дей жұмысы төмендегідей 4 бағыт бойынша  бақ сынады. 

1. Алаш зиялыларының қызметі мен өміріне, артына
қалдырған өлмес мұрасына байланысты Қысқа көлемді бейне баян.

2. Көркем сөз(эссе, әңгіме).

3. Көсем сөз(публицистикалық мақала).

4. Поэзиялық шығарма, жас ақындар мүшәйрасы.

7b8f07d7ae4596eca2db7ac5da5cac9a.JPG7860927ee2f071d33252e0dea500dba2.JPG

a295b35604d46e8ecf6c6cf74dfb7c87.JPG719dc2679306f1118cf85fd7528f2006.JPG

Жыл бойына келіп түскен жұмыстардың ішінен іріктеліп шыққан 20 қатысушыға
арнайы сыйлықтар үлестірілді.  Атап
айтқанда, бейне баян бағыты бойынша  1
орынды қара шаңырақ ҚазҰУ-нен келген Айбек Шегебай, Айгерім Қырғызбаева, Асан Әлиевтер
еншілесе,  екінші-үшінші орындарды ҚазҰУ
студенті Балабекұлы Досжан мен СДУ 1 курс студенті Асыл Мамырхановалар өзара
бөлісті.  Поэзия бағыты бойынша топтан
оза шауып, дара келген  ОҚО Мақтаралдық
Мырзақұлов Бауыржан  болды.(1 орын). Ал
мүшәйраның екінші жүлдесі Астаналық 
Еуразия универститетінің студенті Еркін Исаханның шығармасына бұйырды.
ҚазҰУ шәкірті Смадияр Бекзат қатарластары арасында 3 орынды қанағат тұтты.  Ал жас прозаиктер арасында бақ сынаған  Астана қаласы Өнер академиясының  шәкірті Әнуар Зейнеп бірінші орынмен
марапатталды. Минайхан Салтанат (ҚазҰУ, Алматы) екінші орын Жайлыбай Жанат (ҰӨУ,
Астана) үшінші орындармен марапатталды.

12ee2d16a97d69f6149294c76e138829.JPGa1ceeebebf67062bf78a1eaebd03ac79.JPG

Алашшыл ақын Мағжан Жұмабаев пен ұлт зиялыларының тарихи еңбектерін
зерттеуді, зерделеуді, олардың еңбектерін жаңашыл бағытта көпке насихаттауды
мақсат тұтқан жас журналистер  арасында 1
орынды Нұргелді Әбдіғаниұлы (Алматы) иеленді. Жарыстың  екінші жүлдесін МКҚК Оқушылар сарайы, «Жас
Журналистер үйірмесінің» оқушысы, оқушы бола тұра жасы үлкен аға-әпкелерімен
үзеңгі жарыстыра мәреге бәйгелі жеткен Гүлбақыт Елібаева еншіледі. Ал үшінші
жүлде Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университетінің студенті Құндыз
Тауасароваға бұйырды. Өзге де қатысушыларға ынталандыру сыйлықтарымен Алаштық
зиялылар атындағы арнайы номинациялар тапсырылды. Кеш қонақтары қатарында
Ф.ғ.д. Айгүл Ісмақова,  ф.ғ.дғ Гүлзия
Пірәлі, Қ.Р. Еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпежанова, ақын Қазыбек Иса, ақын
Маралтай Райымбекұлы, актер Дулыға Ақмолда, журналист-ұстаз Жылбек
Керімбек,  дәстүрлі әнші Еркін Шүкіман,
профессор Құдайберген Тұрсын сынды ұлт жанашырлары болды.
Байқауға қатысқан
барлық жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Кеш соңында Мағжанның ғұмырына байланысты
түсірілген режиссер Марат Қоңыровтың «Мағжан» деректі-көркем фильмінің
көрсетілімі болып, онда басты рөлдерді сомдаған актерлермен кездесу өткізілді.

Айгүл Ісмақова Ф.Ғ.Д. Әдебиеттанушы

– СДУ бас болып қазіргі қазақ жастарының дарындыларын, поэзиядағы,
прозадағы және  Алаш азаматтары айтқан
қазақтың  «көсем сөзінің»  шеберлерін анықтайтын сайыстағы жүлдегерлерге
жүлделерді үлестірудің әділ өткеніне көзім жетті. Әуелі осындай дарынды
жастарды жарыққа шығару, оларға қолдау көрсету біздің мемлекетте тек университеттердің  деңгейімен шектеліп қалмауы керек.
Мемлекеттегі дарынды, болашағы зор, оның ішінде қазақтілді, қазақ тілінде
жазатын, ойлайтын, пайымдайтын  жастардың
мәселесі дұрыс қаралмай жатыр. «Болашақтан» оқып келген жастардың бесігі ашық
екені рас, бірақ, олар шет тілінде ғылымды меңгеріп жатыр.Ал біздің қазақ тілді
осындай дарынды жастарымыз бар. Оларға мемлекет тарапынан тағы да қолдау керек.
Поэзия, проза, көсемсөздің шеберлерін анықтау бұл көптің қолынан келмей жатқан
мәселе. Ал СДУ бас болып атқарып жатқаны үлкен абырой. Бірақ, бұл Жазушылар
одағы, Әдебиет институты, Журналистер одағы ойланатын мәселе. Ел арасында
көрінбей жүрген қаншама талантты жастарымызды топтан суырып, ерекшелеп шығару барлығызға
ортақ абыройлы міндет деп түсінемін.

Нұргелді ӘБДІҒАНИҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары