Моңғолия чемпионатының күміс жүлдегері атанған қазақ

Моңғолия чемпионатының күміс жүлдегері атанған қазақ

Моңғолия чемпионатының күміс жүлдегері атанған қазақ
ашық дереккөзі
301

   

  Ата жұрттан
алыс қонып, шет жайлап жатқан шетте де қазақтың атын аспандатып жүрген
дарабоздарымыз аз емес. Солардың бірі Моңғолиядан шыққан балуан – Серік Бердімұратұлы.

  Күні кеше Тараз
қаласында жалауы желбіреген қазақ күресінен өткен,  «Еуразия барысында» бақ сынап, қарсыласын шақ
келтірмей ұтып, өзінің керемет өнерімен көрермендердің көзайымына айналған еді.
Енді міне арғы беттен «сүйіншілеп» жеткен тағы бір хабардың куәсі болдық.

c2924cf22de5408a6d6deaf528f0d637.jpg

  Қаңтардың
9-ында Ұланбатыр қаласында дзюдодан Моңғолия чемпионатында 100 келіге дейінгі
салмақ дәрежесінің ақтық белдесуінде қандасымыз Серік Бердімұратұлы Бейжің
олимпиадасының чемпионы, Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Найдангийн Түвшинбаярмен
өткізіп, нәтижесінде ел біріншілігінің күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды
www.kaznews.mn сайты.

Әлеуметтік желіде Серік бауырымызбен аз-кем сұхбаттасудың
сәті түскен еді. Енді сол сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

Ең әуелі осы жолғы
жеңісіңізбен құттқтаймын. Жеңісіңізге бұл жақтағы қандастарыңызда қуанышты.

– Рахмет. Қазақстандағы қандастарға да сәлем!

Осы жолғы
чемпионат қалай өткені жайлы айтып өтсеңіз? Финалда белдескен қарсыласыңыздың
атағынан ат үркеді. Есімізде Бейжің олимпиадасында біздің Асхат Жіткеевтен
айласын асырған еді.

– Дзюдодан Моңғолия чемпионатында екінші рет бақ сынасуым.
Осы жолы жолым болып 100 келіде күміс жүлдеге қол жеткіздім. Бұл жолғы
чемпионатта жалпы 5 рет кездесу өткізіп, финалда олимпиада чемпионы Түвшинбаярға
есе жібердім.

Осы жолғы жеңісіңізден
кейін Моңғолия ұлттық құрамасының қатарында сізді әлемдік жарыстардан көріп қалуымыз
мүмкін бе?

– Иә, Моңғолия ұлттық құрамасының сапына қосылдым. Алдағы
болар халықаралық жарыстарға баруды бапкерлер алқасы шешеді.

Жас болсаң да
Сумо, Самбо, Моңғол күресі, Қазақ күресі, Дзюдомен де күресетін көрінесің. Осы
күнге дейін бағындырған биіктерің жайлы айта кетсең.

– Моңғол күресінен 2012-жылы «Піл» атағын, 2013-жылы
«Арыстан» атағына ие болдым. Сумодан 2012-жылы жасөспірімдер
арасындағы әлем чемпионатында
100 келіде чемпион атандым. Самбодан 2011-жылы әлем чемпионатында 3-орын алдым.
2012 жылы тағы да осы нәтижемді қайталадым. Қазақ күресінен Қажымұқан атындағы
халықаралық турнирдің жеңімпазы болдым. 2013-жылы өткен «Еуразия барысы» турнирінде
командамызбен 2-орынға тұрақтандық.  2014-жылы Дзюдодан Моңғолия чемпионатының күміс
жүлдегері.

Алдағы болашақ
жоспарыңмен және арман-мұраттарыңмен бөлісе кетсең.

– Ақпан айында Моңғолияда Дзюдо, Самбо күрестерінен өтетін
турнирге қатысам. Алдағы мақсатым осы қатысқан күрес түрлерінен жоғары нәтижеге
қол жеткізу. Арманым олимпиада шыңын бағындыру.

Жақында елімізде
өткен қазақ күресінен өткен «Еуразия барысына» қатынасып қайттың. Бұл бәсеке
несімен есіңде қалды?

– Тараз қаласына 2-рет баруым, турнирдің ұйымдастырылуы
жоғары деңгейде болды. Халықтың қошаметі де жаман болған жоқ.

Әңгімеңізге
рахмет! Жеңісті жолың жалғаса берсін!

– Рахмет!

Әңгімелескен Серікбол Насыр.

Серіктес жаңалықтары