Мас күйінде көлік жүргізген Ерболат Құдайбергенов

Мас күйінде көлік жүргізген Ерболат Құдайбергенов

Мас күйінде көлік жүргізген Ерболат Құдайбергенов
ашық дереккөзі
268

Қазақ жастарына «Мен қазақпын» әнімен танымал рэпер-әнші Ерболат Құдайбергеновті жолда полиция қызметкерлері тоқтатқанда, мастығынан тілі сөйлеуге әрең келіпті. 

Соңғы жылдары
қазақ жұлдыздарының ішіп алып, көлік жүргізуі сәнге айналған ба? Естеріңізде болса,
былтыр Юрмала жағалауында ән салып келген Қайрат Түнтеков те бір көлікті жолдан
қағып ысырып, оқиға орнынан қашып кеткен еді. Айтқандай белгіленген айыппұлды әлі
төлемей қашып жүр. Қымбат көлікті ерттеп мінген әртістердің барлығы танымалдығына
сүйене ме, әйтеуір мас күйінде де қорықпай көлік жүргізе беретін болған. 

9946b8b7c858fee2ce1cdba1dd792b9f.jpg

  Әншіні ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық
Кодексінің 467 бабы (Көлікті мас күйінде жүргізді, есірткіні пайдаланды немесе
көлікті спирттік ішімдік ішкен адамның жүргізуіне ерік берді) бойынша жауапқа
тартқан.

Негізі бұл бап
бойынша қылмыстыны әкімшілік жауаппен қатар, кемінде 4 жылға дейін көлік жүргізу
құқынан айырады екен. Сөйтіп Ерболат Құдайберген енді төрт жыл бойына көлік жүргізу құқығынан айрылды.  
  Бұл есірудің себебі не дегің келеді де тұрады?!

Серіктес жаңалықтары