Оймақтай ой! Қазақтың бренді

Оймақтай ой! Қазақтың бренді

Оймақтай ой! Қазақтың бренді
ашық дереккөзі
232

Жангелді Естенбай

“Қ” Әрпінен басталатын мына сөздер қазақтың ғана ұлттық брэнді екен ғой (ойыма түскенін тізімдедім, жағастырайық, ағайын):

ҚАЗАҚ ЕЛІ (ешкімде жоқ ел атауы)
ҚАЗАҚ ЖЕРІ (ешкімде жоқ жер атауы)
ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ (ешкімде жоқ әйел болмысы)
ҚАЗАҚЫ ЖЫЛҚЫ (ешкімде жоқ мал атауы)
ҚАЗАҚЫ ҚОЙ (ешкімде жоқ мал атауы)
ҚАЗАҚЫ ТҮЙЕ (ешкімде жоқ мал атауы)
ҚАЗАҚЫ ТАЗЫ (ешкімде жоқ ит атауы)
ҚАЗАҚЫ БӘС (ешкімде жоқ бәс болмысы)
ҚАБА ЖАЛ (ҚАЗАҚЫ ЖЫЛҚЫның ғана сипаты) 
ҚАБАНБАЙ БАТЫР (ешкімде жоқ батыр аты)
ҚАМБАР АТА (ешкімде жоқ түсінік атауы)
ҚАМБАР БАТЫР (ешкімде жоқ батыр һәм жыр аты)
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР (ешкімде жоқ батыр һәм жыр аты)
ҚАҺАРМАН (ешкімде жоқ атақ атауы)
ҚАЛМАҚҚЫРҒАН (ешкімде жоқ жер атауы)
ҚАЗЫ (ешкімде жоқ ұлттық тағам атауы)
ҚАРТА (ешкімде жоқ ұлттық тағам атауы)
ҚАЙМАҚ (ешкімде жоқ ұлттық тағам атауы)
ҚАТЫҚ (ешкімде жоқ ұлттық тағам атауы)
ҚЫМЫЗ (ешкімде жоқ ұлттық тағам атауы)
ҚЫМЫРАН (ешкімде жоқ ұлттық тағам атауы)
ҚҰРТ (ешкімде жоқ ұлттық тағам атауы)
ҚАСЫҚ (ешкімде жоқ ұлттық ыдыс атауы)
ҚОРЖЫН (ешкімде жоқ ұлттық ыдыс атауы)
ҚҰТЫ (ешкімде жоқ ұлттық ыдыс атауы)
ҚАМАЖАЙ (ешкімде жоқ ұлттық би атауы)
ҚАРА ЖОРҒА (ешкімде жоқ ұлттық би атауы)
ҚАРА ТОРҒАЙ (ешкімде жоқ ұлттық ән атауы)
ҚАЛҚАН (ешкімде жоқ қару атауы)
ҚЫЛЫШ (ешкімде жоқ қару атауы)
ҚОБЫЗ (ешкімде жоқ ұлттық аспап атауы)
ҚОЖА (ешкімде жоқ ел-тайпа атауы)
ҚОҢЫРАТ (ешкімде жоқ ел-тайпа атауы)ҚОНАҚКӘДЕ (ешкімде жоқ мінез, қазақтың болмысы)
ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ (ешкімде жоқ мінез, қазақтың болмысы)
ҚҰЛАН (ешкімде жоқ жануар атауы)

Серіктес жаңалықтары