Білім және ғылым министрінің назарына: Жалақымызды неге дұрыс есептемейді?

Білім және ғылым министрінің назарына: Жалақымызды неге дұрыс есептемейді?

Білім және ғылым министрінің назарына: Жалақымызды неге дұрыс есептемейді?
ашық дереккөзі

 

Редакциямызға
хат келді. Бір емес, бірнеше, анығы, 20 мектептің ұстазы –
педагог-психологтарынан екен. Жалақымыз дұрыс есептелсе дейді. Білім және ғылым министрлігіндегі лауазымдылар құлақ асса деген ниетпен,
біз осы хатты ешбір өзгеріссіз ұсынуды жөн көріп отырмыз.

Құрметті «Түркістан» газетінің редакциясы! Біз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы бірнеше мектептің педагог-психологтарымыз.
Хат жазудағы басты мақсатымыз, бізге төленетін жалақы мәселесі. Бүгінгі күні
Қазақстан бойынша педагог-психологтарға жалақы G9-бен есептеліп төленуде. Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 қаулысымын бекітілген
шешімінде педагог қызметкерлердің лауазымы тізімінде педагог-психолог мамандығы
да бар. Демек, бізге де айлық жалақы педагогтарға төленетін G9-бен есептелуі керек.
Осыған орай, облыстың әр ауданындағы педагог-психологтар жалақы осы жүйе
бойынша берілмеген жағдайда, өз беттерінше ізденіп, мәселені шешуде. Былтыр
Қызылорда облысы Қазалы аудандық Білім бөлімінің бастығы Е.Қалниязовқа облыстық
Білім басқармасының психолог әдіскерінің қатысуымен болған жиналыста біз де осы
мәселені көтеріп, жалақымызды G9 бойынша төлеуді өтіндік. Осыдан кейін Аудандық Білім
бөлімінің экономисі Н.Әзиев педагог-психологтардың жалақысын G9-бен есептеу
туралы ұсынысты аудан әкімі жанындағы Бюджеттік комиссияға 2013 жылдың 13
қарашасында жолдағанын және соңғы шешімді аудан әкіміне айтатынын жеткізді. Үш айдан астам
уақыт өтті. Бірақ аудандық әкімдік жақтан әлі хабар жоқ. 2014 жылдың қаңтар
айындағы жалақымызды алдық. Өкінішке қарай, өзгеріссіз. Яғни, біздің өтінішіміз
қанатағаттандырылмады. Осы орайда, «Түркістан» газетінен бізге айлық
жалақымыздың педагогтармен бірге тиісті G9-бен есептелу мәселесін шешуге көмек
беруді сұраймыз.

1.Л.Арзахметова
№70 мектеп

2. Н.Амангелдіқызы №226 мектеп

3.Р.Абдыкалиева №204 мектеп

4.Ж.Бисенова №204 мектеп

5.Ш.Байзак №249 мектеп

6.А.Демеуова №165 мектеп

7.Ж.Далиева №204 мектеп

8.Ш.Есбергенова №226 мектеп

9.А.Жұбаназарова №70 мектеп

10.Қ.Жарылқапова №170 мектеп

11.Ж.Қуанышбаева №103 мектеп

12.Б.Ермаханова №234 мектеп

13.Л.Мырзалиева №170 мектеп

14.Н.Сейітова №25 мектеп

15.Қ.Серікбай №92 мектеп

16.Қ.Желдірбай №216 мектеп

17.Г.Құлтанова №266 мектеп

18.Г.Таңатова №17 мектеп

19.А.Оразымбетова №16 мектеп

20.Г.Шәзіндаева №97 мектеп