«БанкЦентрКредит» банкротқа ұшырамайды

«БанкЦентрКредит» банкротқа ұшырамайды

«БанкЦентрКредит» банкротқа ұшырамайды
ашық дереккөзі
181

11 ақпан күні кешқұрым әлеуметтік
желілерде «ЦентрКредит» банкі банкротқа ұшырауы мүмкін деген ақпарат желдей
есті. Бұл жағымсыз жаңалықты естіген жұрттан маза қашты. Себебі, бірі жалақысын
осы банктен алса, енді бірі депозитке ақша құйып жүргені белгілі. Тіпті, осы
ақпаратты құлағы шалғандар түн мерзіміне қарамастан, банкоматтан ақшаларын
шешіп алды.

Енді қайтсін?! Маңдай терімен
келген еңбекақының желге ұшқаны кімге керек? Алайда, «Центркредит» банкі
банкротқа ұшырауы мүмкін деген қауесет бүгін жоққа шығарылды. «Банк жабылмайды,
банкротқа да ұшырамайды». Бұл туралы
аталған банктің ресми өкілдері сенімді түрде жеткізді. Қазір банк штаттық
тәртіпте жұмысын жалғастыруда. Көптеген банкоматтарда қаржылық операциялардың
орындалмауы техникалық ақауларға байланысты деп түсіндірді банк басшылары. Ал
қауесеттің таралуына жеке тұлғаның әлеуметтік желілерде жазған хаты себеп
болған. Бүгінгі таңда хат иесі табылып, банктің ресми сайтында оның жалған
ақпарат таратқаны үшін кешірім сұраған мәтіні де жарияланды. Әзірге жалған
ақпарат таратушыға қандай да бір жаза қолданылады ма, жоқ па, ол жағы беймәлім.  «Банк
ЦентрКредит» АҚ Өскемен қаласы филиалының директоры Нұрлан Шегебаев: «Иә, кешеден бері бізге көптеген хаттар келіп
түсе бастады.
Көпшілік әлеуметтік желілердегі ақпарат бойынша түсініктеме беруді
сұрады. Айтарымыз, банк бұрынғыдай қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Өзінің
міндетін толық орындап тұр. Бас банк тарапынан тергеу амалдары жүргізіліп
жалған ақпарат таратушы табылды. Біздің ресми сайтымыздан жағдайдың анық-қанығын
біліп, оқып, көре аласыздар», –
деді. Демек, халық алаңдауға еш негіз жоқ деген сөз.

Динара Дүрмән

Серіктес жаңалықтары