Сыздықова жұмсаған ақшасын мойындар емес

Сыздықова жұмсаған ақшасын мойындар емес

Сыздықова жұмсаған ақшасын мойындар емес
ашық дереккөзі
447

 2008
жылдың 12 қарашасында «Нұр Отан» ХДП ҚБ №18 «Уақытша қаржылай көмек көрсету»
келісімі негізінде Бақыт Сыздықова төрағалық еткен «Қазақстанның болашағы үшін»
Жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігіне жедел түрде қайтарылатын шартпен 7 млн.
теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілген. Бұл қаржы келісім шарт
негізінде 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін қайтарылуы тиіс болған. Әрі әр күнге
төленетін айыпппұл құны 0,1 пайызды құрапты. Ал қарызды дер кезінде қайтармағандықтан, айыппұлмен қоса алғанда 15
млн. теңгеге жетіп жығылыпты. Келіп түскен ескертулерді елеместен, қарызды
уақытында төлеу міндетіне немкетті қараған Сыздықова өзін «жастардың жанашырымын»
деп есептейді екен.  Алайда, 1999 жылдан
бері «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі болып келген ол 7 млн. теңгені
жедел түрде қайтарса, партия айыппұл мәселесін оңды шешуі мүмкін екенін айтқан
болатын.  

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші
орынбасары Бауыржан Байбек СТВ телеарнасына берген сұхбатында Бақыт Сыздықова
төңірегіндегі даулы оқиғаның мән-жайын айтып берді. «Бақыт Ахметқызы бұқаралық
ақпарат құралдарына қарыз ақшаны қайтаруға уәде бергенімен, әзірше оның
тарапынан ешқандай әрекет болмады. Қаржылық есептесу жылының соңы да келіп
жетті, сол себепті біз істі сотқа жібердік. Сот объективті, әділ шешім шығаруы
керек», – деп мәлімдеді Бауыржан Байбек.

“Егер адам өз міндеттемелері бойынша
жауап бермейтін болса, мен мұндай адамды партияға қайтадан алуға болады деп
ойламаймын”, – дейді ол. Бақыт Сыздықова болса, партияның талап арызы
туралы естімегенін айтып отыр. Ол сөз болып отырған қарыздың жеке басына қатысы
жоқ екенін тағы бір мәлімдеді. «Бұл – «Астана KZ» Қазақстан КВН ұлттық құрама
командасының қарызы. Команда осы ақшаға КВН ойнады, осы ақшаға Қазақстанды
насихаттап, ел жастарын халықаралық деңгейде танытты. Партия функционерлерінің
мұны неге “Сыздықованың қарызы” деп атайтыны маған түсініксіз.
Дегенмен Қазақстан Республикасы сияқты құқықтық мемлекетте шаруашылық
субъектілері арасындағы даудың сотпен шешілетіні – қалыпты тәжірибе”, – депті
Сыздықова.

«Нұр Отаннан» қуылған Бақыт Сыздықова 19
ақпан күні сот алдында жауап беретін болды. Экс-депутат қайтармай жүрген 7
миллион теңгенің дауы Астанадағы экономикалық сотта қаралмақ. Тіпті, ол соттың
өтетіндігінен де бейхабар. “Нұр Отаннан” да, соттан да шақырту
алмадым дейді. Партияға 7 миллион теңге қарыз екені, оған үстемақы қосылып 15
миллионға жеткеніне тек ақпарат құралдары арқылы ғана қанық екен. Сыздықова
ханым мойнында қарызы жоқ екенін сотта дәлелдейтініне толықтай сенімді.

Динара Дүрмән    

Серіктес жаңалықтары