Оймақтай ой: Жалақы өскенімен, баға шарықтайды ғой

Оймақтай ой: Жалақы өскенімен, баға шарықтайды ғой

Оймақтай ой: Жалақы өскенімен, баға шарықтайды ғой
ашық дереккөзі
223

Даурен Куат

Көкектің бірінен бастап бюджет қызметкерлерінің еңбекақысы мен зейнетақы көлемі көбеймек-дүр. Ақорда жақ сөй деп жатыр. Ал енді бар ғой, еңбекақы мен зейнетақы өскенше, жанармайдың, көгілдір отынның, коммуналдық өзге де қызмет түрлері мен тұтыну нарығының бағасы баратын жеріне барып болады. Ақыры алдап үйреніп қалған билік қой бұл, сол “жақсылығын” жария етпей-ақ күлкі күні “бұрқ” еткізбеді ме екен, сонда екі жақтың да есебі түгел болар еді… Бірақ бұл бізде әдепкі жағдай: алдымен доллар бір секіріп алады, содан соң кезекті инфляция кетеді, артынан байқұс бюджет қызметкерлері мен зейнеткерлердің қалтасына түсетін қарабақырлардың қарасы артқан болады. Бағанадан бері мемарналардың жаңалықтарын көріп отырмын: Украина дефольттің алдында тұр екен. Грецияда жұмыссыздар ашыға бастапты. Ал, бізде бәрі керемет! Кереметке “кенелгенімізден” шығар, кей-кейде осындай келеңсіздіктерді (девальвация, инфляция) қолдан жасап отырамыз.

Серіктес жаңалықтары