Жан жарасына айналған - Ауғанстан

Жан жарасына айналған - Ауғанстан

Жан жарасына айналған - Ауғанстан
ашық дереккөзі
170

820f936bf3554dae4e4531e143db62cb.JPG

9e2a34778c0b24db51fb483f1fafe03e.JPG

 2014
жылдың 15 ақпанында кеңес әскерінің Ауғанстаннан шыққанына 25 жыл толды.

Осыоқиғаға орай, ҚР мемлекеттік Орталық музейінде «Жан жарасына айналған Ауғанстан» көрмесінің
ресми ашылуы болып өтті.

  Ауған жерінде кеңес әскерлері 1979 жылдың
25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін тоғыз жыл бір ай 19 күн болды.

  Көрмеге Ауғанға барып, оқ жауған күннің
отын кешіп келген ардагерлер келіп қатынасты.

КСРО қорғаныс
министрлігі Бас Штабының деректері бойынша:

  Ауғанстанда КСРО-ның 620 мыңға жуық
адам, соның ішінде 22 мың қазақстандық әскери қызметтерін өтеді.

  Әскери
шара кезінде, алған жарақаттарынан және аурулардан 15526 адам қаза тапса, соның
ішінде 924 қазақстандық болды.

 
Соғыс кезінде 333 адам хабар-ошарсыз жоғалды және тұтқынға түсті. Соның ішінде
21-і қазақстандық.

 
86 қазақстандық жауынгер батырлығы мен ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағын
алды.

  Ауғанстан соғысы Кеңес одағына ешбір
ар-абырой, даңқ әкелген жоқ. Құрбан болғандардың туыстары мен жақындары үшін
бұл қасіретті соғыс 1989 жылы 15 ақпанда әскерлердің шығарылуымен де аяқталған
жоқ. Тұтқынға түскен жауынгерлердің тағдыры белгісіз. Ол тіпті уақыттың өзі
емдеуге дәрменсіз қансыраған жара болып қалып отыр. Осы қантөгіс оқиғаның
тәжірибесі әр мемлекет пен халық өздерінің ішкі істерін өз халықтарының пайдасы
мен игіліктері үшін дербес түрде шешуге үндеген қайталанбас сабақ болды. Шайқас
шебінде соғысты тұтандырушылар емес майдандағы жауынгерлер қаза болды. Бұл
көрме нақ сол хақында.

  Көрмеге Ауғанстанда шайқасқан, құрбан
болған және осы отты кешуден аман қалған қазақстандық жауынгерлер мен
офицерлердің деректі материалдары (оқиғалардың куәгерлері мен қатысушылардың
фотосуреттері, хаттары, куәліктері), наградалары мен жеке заттары қойылды.  Көрменің
мақсаты – Ауғанстан соғысы туралы шындықты жеткізу, жауынгерлер мен жастардың
жаңа ұрпағын Ауғанстанда шайқасқан солдаттар мен офицерлердің патриоттық
үлгісінде тәрбиелеу, сондай-ақ соғыс саяси проблемаларды шешудің тәсілі емес
екендігі туралы ұғымды қалыптастыру.

Серіктес жаңалықтары