Киев ереуілшілері ашуға мінді

Киев ереуілшілері ашуға мінді

Киев ереуілшілері ашуға мінді
ашық дереккөзі
178

Кеше Украинадағы майдан жаңаша сипат ала
бастады. Киевте бірнеше ғимарат пен автокөліктер от құрсауында қалды. Алаңға шыққан мыңдаған адам мемлекеттің
Конституциясын өзгерту туралы талап қойып, әнұранды бірге шырқады. Қолда
бар ақпараттарға сенсек, 300-ден астам адам жараланып, жиырмаға жуығы қайтыс
болған. Олардың қатарында 7 полиция қызметкері бар. Мұздай қаруланған топ
Канаданың Украинадағы елшілігі мен Қауіпсіздік қызметтің ғимаратын даталқандап
тастаған. Ал оппозиция жақтастары Жоғарғы радаға басып кіріп, «Аймақтар
партиясы» депутаттарын мінберге шығармауға тырысты.

Бұдан бұрын оппозиция басшыларының кезекті
жиынында сөз алған «Удар» партиясының жетекшісі В.Кличко: «Бәленің бәрі
Украинаны бір адамның ғана басқарып, бір адамның ғана билеп-төстеуінен туындап
отыр. Бәрін президент шешеді: сот та президенттің дегенін істейді, парламент те
айналып келгенде президенттің айтқанынан аса алмайды. Сондықтан да біз
президенттік билікті жойып, оның орнына биліктің теңгермелігін сақтайтын тиімді
мемлекеттік құрылым орнатуымыз керек»,
деп кесіп айтқан болатын. Тіпті, оппозицияның үш серкесі Берлинге арнайы
сапармен барып, Германия канцлері Ангела Меркельмен жолықты. Олар Еуроодақтың
украиндық шенеуніктерге қарсы санкция енгізу мүмкіндігін алға тартып, олардың
банктік есепшоты мен аударымдарын бұғаттап тастау жөнінде ұсыныс жасады. Бұдан
соң елде жаңа үкіметті құру міндетін өз мойнына алған «Удар» партиясының
жетекшісі В.Кличко: «Ол елге басу айтып, тығырықтан шығара аламын, есесіне Президент
сайлауы жариялануы тиіс деген талап қоямыз. Янукович Украинада Президент пен
парламент сайлауын мерзімімен бұрын жариялауы тиіс. Бұл қадамға барса, елді
тығырықтан шығара аламыз, бұл нағыз ер азаматқа лайықты қадам болады», – деді.

 Кеше Украина министрлер кабинеті жағдайдың
ушығуына байланысты жабық түрдегі отырыс өткізуге мәжбүр болды. Интернет
сайттарында «президент Янукович елді тастап кетті» деген ақпараттан көз
сүрінеді. Мұның шындыққа қаншалықты жанасатындығы белгісіз. Алайда, Украина
мемлекетінің экономикалық жағдайы тығырыққа тірелген тұста президенттің мұндай
қадамға баратыны мүлдем түсініксіз.Ақпарат көздеріне сенсек, осы аптаның соңына дейін Ресей әу бастағы
келісілген 15 млрд. АҚШ долларының кезекті 2 млрд.-ын транш есебінде бөледі
екен. Бірақ бұл қаржы мемлекетті қиындықтан құтқармайтын түрі бар. Сол себептен
ресми Киев алдағы уақытта ішкі және сыртқы нарықтан 19 млрд. АҚШ доллары
көлемінде қарыз алуды көздеп отырғанға ұқсайды.

 Киевтегі
ушыққан жағдай туралы ақпараттар сағат сайын өзгеруде. Жараланған адамдар саны
да көбеюі мүмкін. Алаңнан тыныштық кеткен. Бейбіт түрдегі ереуілдің соңы қызыл
майданға ұласуда. «Итар-ТАСС» агенттігі жаппай ереуіл елдің басқа қалаларында да
бастау алғанын хабарлады. Ереуілшілер Львовтегі әскери бөлімдердің бірін басып
алған. Украина президенті Янукович биліктен кетпейінше, беріспейміз деген халық
мәселені аяғына жеткізуді көздеп отыр. 
Бар мәселе – Януковичке тіреліп тұр. Ол отставкаға кете ме, жоқ па, оны
білетін уақыт та аз қалған сияқты.


Динара Дүрмән

Серіктес жаңалықтары