Оймақтай ой! ӨЗ СӨЗІМ ӨЗІМДІКІ..

Оймақтай ой! ӨЗ СӨЗІМ ӨЗІМДІКІ..

Оймақтай ой! ӨЗ СӨЗІМ ӨЗІМДІКІ..
ашық дереккөзі
418

Қанат Әбілқайыр

.
Петропавл мен Павлодардың атын ауыстырайық дедік. Қарсы шықты. Орыстар мен Орыстілділер…
Семейге қаланың көркін бұзады деп Алашордашылардың ескерткішін қойғызбай қойды. Орыстар мен орыстілділер… 
Алматының атауын “Алма-ата” дегеніміз дұрыс деп байбалам салып жүр. Тағы орыстар мен орыстілділер…
“Қазақ елі” атауын да жерден алып, жерге салған солар…
Ол, ол ма? Кеше ғана Алматыдағы митингте басына барын киіп шықты…
Сонда деймін-ау! Біз мына мемлекетте тұрып жатырмыз ба, өзі… Нақты санаққа сүйенсеңіз олардың еліміздегі үлес салмағы (орыс боп кеткен қазақтарды қосқанда. бұлардың дені Алматы секілді қалаларда тұратындықтан бізге үлкен күш секілді көрінеді) 30 пайызға жетпейді. Сол отыз пайыздың бір ширегі бізді сүйреп барады. Қайда апарарады? Білмейміз! Кеше Жаңаөзенде қазақ қырылғанда бұлар қайда еді? Шаңырақтың шаңырағы шайқалып тұрғанда ше?

Серіктес жаңалықтары