Украина спортшылары Олимпиададан бас тартты

Украина спортшылары Олимпиададан бас тартты

Украина спортшылары Олимпиададан бас тартты
ашық дереккөзі

Украинадағы шиеленіс ушығып тұр. Ақпарат көздері отыздан астам адамның
қайтыс болғандығы туралы айтуда. Ал кеше интернет сайттарының «Янукович елді
тастап кетті» деп таратқаны жаңсақ болып шықты. Бүгін президент майдандағы
қырғынды тоқтатуға қатысты алғашқы қадамға барып отырғанға ұқсайды.

Янукович Франция, Польша, Германия Сыртқы істер
министрлері басшыларымен кездесуді бастады. Ал АҚШ
Мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды өкілі 20 украиндық шенеуніктің шетелге
шығуына визалық санкция енгізетіндігін мәлімдеді. «Егер визалық санкция елдегі
ушыққан жағдайды тоқтата алмаса, онда АҚШ Еуроодақпен бірлесіп Украинадағы
ахуалды қалыпқа келтіруге байланысты басқаша шараларды қолға алады», –  деді ол.

Ал бүгін
Украинада жаппай тәртіпсіздік салдарынан қаза тапқандарға қатысты қаралы күн
жарияланды. Елде мемлекеттік ту түсіріліп, түрлі көңіл көтеретін концерттік
шараларды өткізуге тыйым салынды.

 Айта кету керек, украиндық шаңғышы Богдан
Мацецкая және оның әкесі һәм жаттықтырушысы Олег Мацецкий патриоттық танытты.
Олар Сочи олимпиадасындағы спорттық сайыс ойындарына әрі қарай қатысудан бас
тартты. «Біз Украинаның ұлттық олимпиадасы құрама командасының мүшесі ретінде
президент Януковичтің соңғы жасаған әрекеттеріне ашулымыз. Ол Украинаны қанға
бөктірді. Сол арқылы елдің тыныштығы бұзылды», – дейді спортшылар. Міне, нағыз
ұлтын сүйетін азаматтар осындай босла керек-ті! Ал біздің спортшылардан осындай
батырлық шығар ма еді?! Әй, қайдам…

Динара
Дүрмән