Оймақтай ой! Оралманнан сиырдың бағы артық болды

Оймақтай ой! Оралманнан сиырдың бағы артық болды

Оймақтай ой! Оралманнан сиырдың бағы артық болды
ашық дереккөзі

Оралмандардың Респбуликалық “Асар” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайрат Бодауханұлымен www.abai.kz  порталы онлайн конференция өткізген екен. Сол конференциядан қоғам қайраткері оймақтай ойынан үзінді ұсынып отырмыз.

– Саланың қыр-сырын жақсы
білетін қайраткер ретінді
оралманмәртебесімен келген
ағайындардың
кәсіпкерлікпен айналасу
деңгейін қалай бағалайсыз. Орта, кіші бизнесте, шағын өндіріс кәсіпорын ашып,
табысқа жеткендер көп пе? Оларға қолдау, жеңілдік, несие көрсетіле ме? Шеттегі
техникасы болса алып келе ала ма, оған қолдау бар ма?

Екінші сауалым
Инновациялық бағытта дамудағы
оралмандардың ролі, ізденісі, құлшынысы қалай?

–  Жалпы мемлекет
 саясаты кімдер келіп жатыр, кім болады деген сұрақтардың
 жауабымен айналысуы керек еді. Ал біз болсақ, осыншама әкелдік, осыншама
қаржы бердік, орналастырдық деп жара салып «сандық» есеп берумен айналысып
кеттік. Кейде, сырттан көшіп келген ағайыннан гөрі Голландиядан әкелінген
сиырлардың есебі нақтырақ па деп қаласың. Көші-қонға 40,0 млрд. тенге ғана
жұмсаппыз. Оның өзі қалай, қайтіп игерілді? Есеп жоқ. Сөйте тұра, келген
ағайыннан «Қазақстанға не бердің?» деп сұраймыз. Бір сиырдың құны 6000 АҚШ
доллары екен. Бар әлемге жар салып жүріп бір ағайынға берген көмек қаржы 1000
АҚШ доллары мөлшерінде. Енді оны да артық көріп, азаматтықты да кестік. Демек,
сиырдың бағы күшті екен.

Мемлекет шеттен келген
ағайынның «өндіруші капитал» екенін есептей алмай дал. Әрине, олардың басым
көпшілігі өз күштерімен көтеріліп, кәсіпкерлігін дамытып, ісін дөңгелетіп те
әкетті. Банктен немесе Үкіметтен арнайы қолдау көрсетіліп, іс бастағандары
саусақпен санарлықтай ғана. Өйткені, олардың банкке қоятын кепілі болмаса,
маңдайға жазылған «орысша» білмейтін мөрі болса, қандай қолдау күтеді. 

Инновациялық саясат
енді қолға алынып жатыр ғой. Шеттен келген ғалымдардың маңызды жобалары іске
асырылып, ел игілігіне жарайтын кезең келіп тұрған сияқты. Демек, шеттен
жинаған тәжірибесін, меңгерген ісін ортаға салатын уақыт келді. Дәл, осы тұста
мемлекеттік қолдау алу үшін тағы да «азамат емессің» дейді ғой. Оған жауабым
жоқ. Айтсам өзің жылайсың, Шешімін кімнен сұрайсың деген осы…