Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық

Мүмкіндігі шектеулі   жандарға қамқорлық
ашық дереккөзі
236

Жақында Керекуге арнайы іссапармен барған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде болды. Әрі партияның Павлодар облысындағы филиалының кезектен тыс XIV конференциясына қатысты.
Елбасымыздың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес «Нұр Отан» партиясы мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру және мен өмір сапасын жақсарту мақсатында жұмыс атқаруда. Мүмкіндігі шектеулі, денсаулығында мүкісі бар жандардың білім алуы да қажет. Осы орайда партия мұндай балаларға арнап, инклюзивті білім беру мәселесін де алдыңғы қатарға қойып отыр. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек әуелі диагнозы өте ауыр балаларға арналған медициналық-психологиялық және педагогикалық тұрғыда кешенді көмек көрсететін «Самал» реабилитациялық орталығында болды.
Бүгінде бұл орталықта 4,5 мың бала ем-дом алып келеді. 10 тәрбиеленуші осында заңгер, есепші, психолог, ЭВМ операторы ретінде жұмыс атқаруда. «Нұр Отан» партиясы «Кедергісіз келешек» жобасын да іске асыруда. Аталмыш жоба аясында алғашқы айдың өзінде 500-ден аса мүгедек жан жұмыс тапты.
«Біз жыл сайын бес мың мүгедек жанның жұмысқа тұруына мүмкіндік береміз. Бүгінде мемлекет, азаматтық сектор, бизнес мүмкіндігі шектеулі жандарды белсенді әлеуметтік ортаға тарту мәселесін бірлесіп шешуі керек. Партия бұл үдерісті үйлестіруге барлық ресурстарын жұмсайтын болады. Партия доктринасында көрініс тапқан құндылық – ынтымақтастық дегеніміз осы», – деді Төраға орынбасары Бауыржан Байбек мырза.
Сапар аясында облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттарымен кездесіп, өңірлермен бейнеконференциялық отырыс өткізілді. Сондай-ақ, Бауыржан Байбек Павлодар облысындағы филиалының кезектен тыс XIV конференциясына қатысып, осы өңірде атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты. Төраға орынбасары: «1 наурызда «Нұр Отан» партиясына 15 жыл толады. Бұл еліміздің өсіп-өркендеуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қолданбалы істердің жылы болады», – деді нық сеніммен.
Конференция барысында партияның Павлодар облысы филиалының төрағасы болып, облыс әкімі Қанат Бозымбаев сайланды. Облыс басшысына партияның жаңа үлгідегі билетін Бауыржан Байбек мырза табыс етті.

Гүлзина ТҰРҒАНБАЙҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары