Қастерлі ұғымдар ұштасқан кітап

Қастерлі ұғымдар ұштасқан кітап

Қастерлі ұғымдар   ұштасқан кітап
ашық дереккөзі

«Дін мен дәстүр» кітабында ар-ұят, діни рәсімдерге құрмет, әдептілік, сы­пай­ылық, қарапайымдылық, еңбек ету, ата-ананы құрметтеу, көрші ақысы, туыстық байланыс, бауырмалдық, тілеуқорлық, үлкенге құрмет, кішіге ізет т.б. ұлттық құндылықтарымыздың дінмен сабақтастығы кеңінен түсіндірілген. Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің хадистермен ұқсастығы, дін мен дәстүрдің тығыз байланысы туралы көптеген мәліметтер мен дәлелдер келтірілген.
Кітап жастарды, жалпы оқыр­ман­дар­ды дін мен дәстүрді құрметтеуге үн­дейді.
Тұсаукесерге Қазақстанның Бас мүф­тиі Ержан қажы Малғажыұлы, Алматы қа­ласы мешіттерінің бас имамдары мен дінтанушы-ғалымдар, жазушылар, қоғам қайраткері, журналистер, оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары қатысты.

Индира Байсалбекова