Ресей мен АҚШ біздің қауіпсіздігімізге кепіл бола алмай ма?

Ресей мен АҚШ біздің қауіпсіздігімізге кепіл бола алмай ма?

Ресей мен АҚШ біздің қауіпсіздігімізге кепіл бола алмай ма?
ашық дереккөзі

 

www.censor.net.ua  сайты Ресей мен АҚШ арасындағы Беларусь, Украина және
Қазақстанның қауіпсіздігіне бұдан былай кепіл болмайтындығы жайындағы 2010 жылы
сәуірдің 4-індегі ақпаратты жаңғыртып отыр. Онда Ресей Федерациясы мен Америка
Құрама штаттарының арасында жаңа келісім-шартқа қол қойылғандығы жазылған. Бұл келісім
шарт бойынша әлемнің аяқ алысын аңдып, жұртты уысында ұстап отырған алып екі
империя посткеңестік кеңістікте жаңадан бой көтерген тәуелсіз мемлекеттердің
ядролық қарудан бас тартып, тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне алаңдамауына
болады, алайда олардың қауіпсіздігіне аталған екі империя кепілдік бере алмайды. Бұл жайында 2010
жылдың 12 сәуірінде Мәскеуде өткен баспасөз-мәслихатында Ресей Федерациясының
Қарулы күштері бас штабының бастығы Николай Макаров мәлімдеген.

«Украина, Беларусь
және Қазақстан ядросыз державаға айналды. Ал келісім шартта біз бұл елдердің
қауіпсіздігін қандай да бір жолмен қамтамасыз ету туралы келіскен жоқпыз», – деген Макаров.

«Бұл жалпылама жазылған. Біздің
доктринамызда бұл мәселе көрініс табады – АҚШ пен РФ, мемлекеттің әрі қарай
өмір сүру мәселесі күн тәртібіне шықпайынша, ядролық қару қолданбайтын болады,»
– деген ол.
2010 жылдың 8 сәуірінде АҚШ пен РФ президенттері Чехия астанасы Прага қаласында
1994 жылғы келісім шарттың орнына стратегиялық шабуылдауды қысқарту және шектеу
шаралары жөнінде жаңа келісім-шартқа қол қойды. Бұл құжат 7 жыл бойы әлемдегі
барлық ядролық қарудың 90 пайызын иеленетін екі ірі ядролық мемлекеттің
стратегиялық шабуылдау қаруларын шамасы келгенше қысқартуға бағытталған.

Бұл құжатқа қол
қойылардан бұрын Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров жаңа келісімшартта
Украинаның, Беларусьтің, Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік мәселесі
бекітіледі деген.

«Ресей мен АҚШ арасындағы жаңа келісім шарттың мазмұнында қаіпсіздік кепілдігі
толықтай бекітілді» – деген Лавров сол
жылдың 16 наурызында Мәскеуде Украинаның сыртқы істер министрі Константин
Грищенкомен бірге өткізген баспасөз-мәслихатында.