БАЛАЛАР ШАТТЫҚҚА БӨЛЕНДІ

БАЛАЛАР ШАТТЫҚҚА БӨЛЕНДІ

БАЛАЛАР ШАТТЫҚҚА БӨЛЕНДІ
ашық дереккөзі

Жуырда Алматы облысы, Талғар ауданы, Еламан ауылындағы №41 бас­тауыш мектебінде «Аялы алақан» атты қайырымдылық акциясы өтті. Акцияның мақсаты – балаларды орта білім берумен қамтамасыз ету. Жиынға ауыл ақсақалдары, кәсіпкерлер, ата-аналар жиналды. Шара барысында мектеп директоры Әлия Әділжанқызы «Мектепке жол» акциясы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, есеп берді. Қолдарынан келгенше,  әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына жәрдем көрсеткен ата-аналар қауымына алғысын білдірді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бірлесіп білек сыбана жұмыс жасаған шараның ұйымдастырушылары Индира Жұмағалиқызы Тілекеева және Гүлжанат Тоқтасынқызы Талиповаға, жалпы мектеп ұжымына алғыстарын айтқан қонақтар ризашылықтарын білдірді. Жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға шама-шарқынша қайырымдылық көмектерін көрсетті. Атап айтар болсақ, ауыл тұрғындары Қоныс Алшынбеков, Байжан Нүсіпқожаев, Самалбек Давлетов, Жетпіс Қосыбаев, Қанат Тілеужанов, Ұлан Еркінбекұлы, Айгүл Терлікбаева, Салтанат Досымбекова, Алма Заманбек, Ләззат Орынбаева және «Нұрбастау шапағат» қайырымдылық қоры 13 баланы қаржылай қамтамасыз етті. Көмек алған ата-аналардың көңілдері шаттыққа толып, кеш қонақтарымен бірге оқушылардың ән-биін тамашалап қайтты.

Майра АБАТОВА,

Талғар ауданы, Еламан ауылының 

№41 бастауыш мектебінің мұғалімі