В. Путин: «Бұл біздің – әскер емес»

В. Путин: «Бұл біздің – әскер емес»

В. Путин: «Бұл біздің – әскер емес»
ашық дереккөзі
204

Қазақстандықтар 8-наурыз
мейрамының әлегімен жүріп, посткеңестік мемлекеттің бірі – Украинадағы жағдайды
бір сәт назардан шығарып алған секілді. Дегенмен, әлемдік қауымдастық
Украинадағы жағдайды әлі де назарда ұстап отыр. РФ президенті Владимир Путиннің
Қырымдағы өз әскерінен өзі бас тартқанынан кейін, әлем бір терең тыныстағандай
болды. Демек, Путин райынан қайтатын шығар деген үлкен сенім пайда болған болуы
керек. Алайда, Путин кез клеген сәтте Қырымға әскер енгізуге қажетті
алғышарттардың барлығын өзі жасап алуы ғажап емес қой. Естеріңізде болса, Ресей
президенті Путин наурыздың 4-інде өткізген баспасөз-мәслихатында Қырымда
ресейлік әскерилердің бар екендігін мойындамады. Оның айтуынша, украиндық
әскери бөлімшелерді жергілікті «өзін-өзі қорғау күштері» бұғаулап отырған
көрінеді.

«Блумберг»
агенттігінің тілшісі: «Егер, ЩҚырымға Ресей әскерилері енгізілмесе, онда бұл
жарты аралды Ресейдікіне ұқсас қарумен, әскери формамен бақылап тұрғандар
кімдер?» деген сауал қойды. Путиннің ойынша: «Бұл әскерилер де «өзін өзі қорғау
күштері», бұндайлар Киевте де болған, форманы кез келген әскери дүкеннен сатып
алуға болады». Көптеген ресейлік және батыстық БАҚ Қырымда ресей әскерилерінің
жүргендігін жазады, интернеттегі видео бірнеше рет ресейлік нөмірлермен жүрген
әскери техниканы  көрсеткен болатын. Алайда
Путин Қырымға қаржылай көмектесетінін айта отырып, ондағы әскерлердің Ресейдікі
екенін мойындамады.

Президентінен
кейін көп кешікпей РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Қырымдағы Ресей әскерлері
мен әскери техникасының бар екендігін дәлелдейтін суреттер мен бейнебаяндардың
барлығын жалған әрі арандатушылық деді. Украина телеарналары таратып жатқан
ақпараттардағы өздерін Ресей әскерилеріміз деген видеоларға байланысты
түсініктеме берген ол: «Жоға, бұл толығымен «жалған» деді.

Ал, украиналық
сарапшылар Путиннің Қырымдағы әскерилерінен бас тартқанынан кейін, оларды
бандиттер деп танып, оларды қарусыздандыру қажет деген пікір айтуда. Наурыздың 7-сінде
баспасөз-мәслихатын өткізген Украина Қорғаныс министрлігінің қарудану мен
әскери техниканы сатып алу және жасау департаментінің бұрынғы директоры
Владимир Грек:

 – Ресей президенті Владимир Путин РФ
әскерилері Қырымда жоқ деп мәлімдегеннен кейін, ешқандай таным белгілері жоқ
әскерилерді бандиттер деп танып, оларды қарусыздандыру қажет. Осыған орай,
олардың Қырымнан кетуін шешіп, оларды қарусыздандырып, олардың заңсыз жүргендігін
түсіндіру қажет, – деген. Бұл жайында украиналық «Новый регион» газеті
мәлімдейді. 

Серіктес жаңалықтары