Елбасы аруларды құттықтады

Елбасы аруларды құттықтады

Елбасы аруларды құттықтады
ашық дереккөзі
296

Ақордада Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев «Көктем шуағы» деп аталатын шара аясында қоғамның әр салада
қызмет істейтін әйел қауымымен кездесіп, 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен
құттықтады.

Жыл
сайынғы дәстүр биыл да жалғасын тапты.  Бүгінгі кездесуге түрлі салада қажырлы еңбек
етіп жүрген әйелдер – құқық қорғау органдарының өкілдері, депутаттар, кәсіпорын
жетекшілері, көп балалы аналар, дәрігерлер, өндіріс қызметкерлері, мәдениет
және өнер қайраткерлері, спортшылар жиналды.  

Көктеммен
бірге келетін Аналар мерекесінде әйелдерді бір үстелдің басына жинаған Елбасы
жылы лебізін білдіріп, аналардың, қыз-келіншектердің қашан да отбасының
ұйытқысы ретінде аман жүрулерін тіледі.

Мәжіліс депутаты Зухра Саяпова: «Мұндай
кездесулер әйелдерді ынталандырады. Бүгінгі кездесуде болған әйелдер болашақта
өз жоспарларын іске асыруға рухтана түсті деп ойлаймын. Мен әйелдердің шексіз
дарындылығына таң қалдым. Әйелдер түрлі мамандықтарды игерген. Бүгін кездесуде
сағат шебері де, тау шыңдарын бағындырған альпинист те, көпбалалы ана да
болды», – деген әсерімен бөлісті.  

Адам жанына шуақ нұрын себетін
осынау мерекеде гүлдің орны ерекше. Қыз бен гүл егіз ұғым. Осы күні Алматы
қаласына 2 млн. доллардың гүлі жеткізіліпті. Мейрам күні Алматы қалалық кеден
комитеті сырттан келген 1 млн. 950 мың АҚШ долларының гүлін рәсімдеген.
Мамандардың айтуынша, импорттық гүлдер Нидерландыдан, Германиядан,  Франциядан әкелініпті.

Ал қалада бір голландық раушан
гүлінің бағасы – 1000 теңгеге бағалануда. Қазірдің өзінде қаланың кез келген
бұрышында гүл саудасы қызу жүріп жатыр. Мұндайда анасын, аяулы жары, әпкесі мен
қарындасын қуанышқа бөлегісі келген ер азаматтың тартынып қалмайтыны анық.
Ендеше, аяулы арулар мен аналар, мереке шуақты болсын!  

Динара Дүрмән 

Серіктес жаңалықтары