Оймақтай ой! Ресей құрамындағы өзге елдерге де таңдау еркі берілсін

Оймақтай ой! Ресей құрамындағы өзге елдерге де таңдау еркі берілсін

Оймақтай ой! Ресей құрамындағы өзге елдерге де таңдау еркі берілсін
ашық дереккөзі

 

Dina Tulekova

Пүтекем
айтады-ау: “Қырым халқының өз таңдау құқығы бар. Қай елге қосылам десе
де өз еркі”,-деп. Онда башқұрт, тува, қарашай, шешен, татар, якут
тағысын тағылар 21 автономиялық республика “мынау табылған ақыл екен”
деп, Ресейдің құрамынан шығамыз десе, ВВП не істер екен??? Бұл сөздерін
ол кезде ұмытып кетеді-ау ә?! Путин баяғыда Медведевті “кукла” етіп
қоярда: “Президенттікке 2 мәрте сайландым. Мен Конституцияны сыйлайтын
заңгер ретінде, президенттіктен кетем. Мен Президент басыммен сыйламасам
ол заңды, кім сыйлайды?” – дегендей жүректі толқытып сөйлегені
есімде… “Не деген ақылды еді. Не деген азамат! Заңды белшесінен
басуға құқым жоқ деді ғой”,- деп тура сол кезде біраз шуласып едік…
Сөйсек, Пүтекем “маңғыт, аузыңа саңғыт” деп бүкіл әлемді қатырып
кетті…