«Ел арна» ақыры жабылды

«Ел арна» ақыры жабылды

«Ел арна» ақыры жабылды
ашық дереккөзі
309

Бұған дейін ақпарат ағынында «Ел арна» телеарнасы жабылады деген сөз желдей
ескен еді. Бірі – наурыздың басында көрсетілімін тоқтатады десе, енді бірі
сәуірде деді. «Жел тұрмаса, шөптің басы бекер қимылдамайды» деген рас екен.

Кеше Мәжілісте «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев арнаның неге
жабылғанына түсініктеме берді.

«Ел арнаға» бөлінетін
республикалық бюджет қаржысы «24.kz» телеарнасын қаржыландыруға және жаңа
фильмдер түсіруге жұмсалатын болады. Бюджет жобасын талқылау барысынде
депутаттар тарапынан «Ел арна» телеарнасының жұмысын тоқтату себептерін
түсіндіру сұралған болатын. «Біз жыл сайын «Ел арна» телеарнасына 2 млрд. теңге
бөліп келген болатынбыз. Алайда, рейтинг бойынша осы арна 300 млн. теңгені ғана
жинай алады»,   деді министр
Ерболат Досаев.

Президент былтыр қазан айындағы
кеңейтілген отырыста контент бойынша сұранысқа ие телеарналарға ғана қолдауды
жалғастыруды жүктеп, тапсырма берген болатын. Бұл мәселені де қаперге алған
министр Досаев: «Ел арна» контенті жартылай сатып алынған, аударылған
хабарлардан құралған, ал өзінің құрап отырған контенті жеткіліксіз. «Ел арнаға»
бөлініп келген 2 млрд. теңгенің тең жартысы, яғни 1 млрд. теңгесі «24.kz»
телеарнасының аймақтық тілшілер қосынын кеңейтуге бөлінеді. Бұдан бөлек, 992
млн. теңге сомасындағы бюджет қаражаты жаңа фильмдер түсіруге жұмсалатыны
қарастырылып отыр» дегенді айтты.

Алайда, телеарнада істейтін ұжым
«Ел арна» рейтинг әкелмегендiктен
жабылады» деген әңгiменің миға қонымсыз екенін айтуда.  

Серіктес жаңалықтары