ТҮРКИЯДАҒЫ САЙЛАУ:

ТҮРКИЯДАҒЫ САЙЛАУ:

ТҮРКИЯДАҒЫ САЙЛАУ:
ашық дереккөзі
217

        

Санаулы күннен кейін болатын
сайлауда кім жеңіске жетеді? Халықтың басым бөлігі қай партияны қолдайды? Ердоғанның
қарсыластары қандай мәселені басты қару еткен? 

  Үш күннен соң Түрияда жергілікті
сайлау өтеді. Саяси науқанықызып
тұрған шақ қазір. Билік тізгінін қолынан шығарып алмас үшін Ердоғанның партиясы
жанталасып жатыр. Билік басына келуге мүдделі СНР, МНР сияқты ірі партиялар да
барынша тырысып бағуда. Олар
елдегі twitter сияқты халықаралық әлеуметтік желіге салынған тыйымды,17 желтоқсан оқиғасын,
Ердоғанның үйінде аяқ киім қорабында сақтаулы жатқан аса мол көлемдегі (30
миллион доллар) ақшаға қатысты баласымен арада болған әңгімелер, сириялық әскери ұшақтың атып түсірілуі т.б. Ердоғанның
Әділет және даму партиясына (АКР) қарсы қолдануда. Елдегі саяси ахуалды іштен
бақылау барысында ұққанымыз, халықтың басым бөлігі Ердоғанды жақтайды. Бір қызығы,
жақтаушылар екіге бөлінген. Бір тобы Реджеп Тайип Ердоғанның күнәсіз екеніне және
оның қарсыластары қаралауға, күйе жағуға тырысқанын айтса, екінші топ
“Ердоған пара алған, бірақ сонда да билік басында АКР отыра берген жөн. Өйткені
басқа партия келсе, ол да міндетті түрде халыққа тиесілі ақшаны жейді, пара
алады” деген ұстанымда. Ел ішіндегі бейресми дерек көздері “АКР үміткерлері
өздерін қолдағандарға алдын ала ақша таратып жатыр, тіпті, Ердоған өткізген
шерулерге қатысқандарға да ақша беруде” дейді. Кейбір сарапшылар болса,
“Ердоғанның үйінен табылған 30 миллион доллар Түркияға тиесілі ақша емес,
Иранның санкцияға ұшыраған ақшасы. АКР Тегеранмен келісіп, ол ақшаны Түркияға
инвестиция ретінде салуды көздеген. Аталған ақша Жер шарының түкпір түкпіріндегі
израильдіктердің банкілерінде сақтаулы тұрған болатын. Ақшадан айрылғасын,
еврейлер Ердоғанды қаралауға көшті” дейді. 
Негізі Түркияның
саяси және экономикалық тұрғыда күшеюін қаламайтын
сыртқы күштер ежелден бар. Бүкіл әлемді аяғынан тік тұрғызған Осман империясының
бүгінгі ұрпағын аяқтан шалып, әлсіретуге жанталасушыларжетерлік.Әрі билікке таласқандар
арасында да Түркияның ішкі саяси ахуалын шатқаяқтатты.

  

24296ac8051771ed15f47c70476d8d4b.jpge826f1b9e77202eb618a0e54112e3929.jpg

Сайлауалды науқанда біз адамдар
арасында сауалнама жасағымыз келген. Алайда, “30 наурыз күні қай партияға
дауыс бересіз?” деген сауалға құлшына жауап бергендер кемде кем. Оның
себебі, адамдардың кейбірі пікірін ашық айтуға сескенеді, енді бірі сұрақ жеке құқығына
қол сұқты деген пікірде. Бірақ жауап бергендердің көпшілігі Реджеп Тайип Ердоғанның
партиясына қолдау білдіретінін айтады. Сайлауалды кампанияны ұйымдастыруда да
АКР өте белсенді. Стамбұлдың көшелерінде премьердің партиясына тиесілі
жалаушалар мен үгіт-насихаттық бильборд,
плакаттар басым. Тағы бір қызығы, Түркияның Зейтүнбұрны, Гүнешлі аудандары,
Салихлы аймағы сияқты қазақтар көп шоғырланған жерлерге киіз үйлер тігіліп, партияның маршы ретінде қазақ әндері
пайдаланылған. Мәселен, Реджеп Тайип Ердоғанның АКР партиясының атынан түсетін үміткерлер
“Домбыра” әнін пайдаланса, ВВП (Buyuk Birlik Partisi) “Қара жорға”
әнін пайдаланған. Бұл сайлаушылар арасында қазақтардың саяси белсенділігі жоғары
екендігін және халықтың назарын аудару үшін әдейі қазақ әуенін пайдаланғанын
білдіреді. Зейтүнбұрныдағы қазақтардың тұрмыс тіршілігі, саяси ұстанымы, кәсібі,
ұлттық құндылықтарды сақтаудағы еңбегі туралы әңгімелеп берген Стамбұл қаласы
Зейтүнбұрны ауданы әкімінің орынбасары Ілияс САҚА мырзамен сұхбатты www.turkystan.kz
сайтынан көре аласыздар. Сонымен қатар осы ауданда тұратын Серкан Динчтүрік атты
қандасымыздың МНР (Ұлтшыл әрекет партиясы) атынан не себепті сайлауға үміткер
ретінде қатысып жатқаны туралы сұхбатты да сайтымыздан көруге болады.

  

9ea2b349941c28748dea5ae809042350.jpg

ed12e89609725ad42662b99082857e3f.jpg

Соңғы кездері Түркия премьері Реджеп
Тайип Ердоған мен түркиялықтардың рухани көсеміне айналған Фетхуллах Гүлен
арасындағы текетірес салдарынан Ердоған күні кешеге дейін өзін моральдық және
материалдық тұрғыда қолдап келген жақтасынан айрылды. Бірнеше жылдан бері
Америка Құрама Штаттарында саяси босқын ретінде тұрып жатқан Фетхуллах Гүленді
елге қайтуға шақырғандар көп. Бірақ ол жеке басының қауіпсіздігіне кепілдік жоқ
болғандықтан, Түркияға келе алмайтынын айтты. Шын мәнісінде, тіпті, түріктердің
өзі Ердоған мен Гүлен арасының не себепті алшақтағанын, неге араздасқанын түсіне
алмай дал. Белгілі саясаткер, кезінде бірнеше рет Стамбұлдан Түркия Мәжілісіне
депутаттыққа сайланған Невзат Йалчынташ мырзаның пікірінше, гүленшілер билікке
араласа отырып, асырасілтеушілікке ұрынуы мүмкін. Текетірес соңы  құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін мыңдаған
жамағатшының (гүленшілердің) жүздеген адамның қызметтен шететтілуіне, жұмыс
орындарын өзгертуге әкеп соқты. Сонымен қатар Ердоғанның пәрмені бойынша, 2015
жылға дейін Түркиядағы Гүленнің шәкірттері
ашқан мыңдаған дәрісханалар жабылады. Шешімге сәйкес, олар мемлекеттік қарауына өтеді немесе мемлекеттік білім жүйесіне
негізделген жекеменшік мектептер ретінде қайта құрылады. Йалчынташ мырза
“Аталған дәрісханалардан түсетін кіріс мол. Сол себепті, Ердоған оларды
жабу арқылы гүленшілерге материалдық тұрғыда қысым жасауға тырысады”
дейді.

 

a1f4253fdd82a3f9e25f4b7002cadb14.jpg

a963146f617745034c0ab36865f29baf.jpg

 Сонымен, үш күннен кейін Түркияда
жергілікті сайлау өтпек. Кімнің жеңіске жететіні туралы болжам айтылғанмен, нақты
қорытындысы бір Аллаға ғана аян. Яғни, уақыт еншісіндегі мәселе.

  Нәзия Жоямергенқызы,

  Стамбұл, Түркия 

Серіктес жаңалықтары