Солтүстік Қазақстанға 300 мың адам көшірілмейді

Қазақстанның солтүстігіне ешкім көшіп бармайды. Жуырда еліміздің солтүстік облыстарына Қытайдан 300 мың жұмыс күші көшіріліп, Шыңжаң аймағынан қазақ ұлтты азаматтар таңдалып алынады делінген болатын.   

Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Тамара Дүйсенов бұл ақпаратты теріске шығарды.

  «Бұл жалған ақпарат.
Себебі мұндай ұғым болмайды да. Үкіметтің оралмандарды еліміздің аймақтарына
орналастыру туралы жарғысы бар. Егер оралмандар келсе, солтүстікте оларға
жеңілдіктер мен жұмыс ұсынуға тура келеді. Ал 300 мың адамға мұндай жағдай
жасау…», – деді Тамара Дүйсенова.

Солтүстік облыстарға ұлты қазақ азаматтарды оңтүстіктен және Қытайдан көшіру
көпшіліктің көңіліне қуаныш ұялатып еді. Өйткені бұл ең бірінші біздің
қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететін факт. Сарапшылар да аталмыш өңірге
қазақтарды көшіру туралы жиі айтып жүр. Осы тұрғыда Қытайдан ауылшаруашылық
жұмыстарына 300 мың адамның келетіні туралы ақпарат қытай дерекөздерінде
жарияланды деді. Алайда Үкімет бұл мәліметті растаған жоқ.

 

Back to top button