МАТЕМАТИКТЕР КҮНІ АТАЛДЫ

МАТЕМАТИКТЕР КҮНІ АТАЛДЫ

МАТЕМАТИКТЕР КҮНІ АТАЛДЫ
ашық дереккөзі
1647
1 сәуір – Дүниежүзілік математика күні. Әлемде жыл сайын тойланатын кәсіби мереке биыл елімізде де аталып өтті. Абай атындағы ҚазҰПУ, Магистратура және PhD докторантура институты, «Информатика, математика және білімді ақпараттандыру» кафедрасы ғылыми семинар өткізді.  Кафедраның меңгерушісі Есен Бидайбеков жиынның ашылуында математиканы оқыту әдістемесі мен жаңа технологияларға тоқталып өтті. «Заманауи математикалық информатикалық білім беру» атты ғылыми әдістемелік семинарда математиканы оқыту әдістемесінің қыр-сыры, еліміздің оқу жүйесі мен ҚХР-дағы мектеп бағдарламаларын салыстыру және тағы да басқа тақырыптарда баяндама жасалды. Мәселен, Алмагүл Болаттың баяндамасында Қытайда “информатиканы” оқыту жоғары дәрежеде десе те, біздегі “Информатика ” пәнін оқытумен салыстырғанда оқытудың мазмұндық желісінде, оқыту әдістемесінде айырымашылықтар сақталғаны туралы айтылды.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай  жаңа білім беру өте қажет», – дегені педагогика мамандығы студенттерінің талпынысын арттыра түсті. Ал Ертай Қазез еліміздегі және Қытайдағы 12 жылдық білім берудің болашағы жайында баяндама жасады. «Қытайдың оқу-ағарту министрлігінің мүшелері елде міндетті он екі жылдық әмбебап білім беруді ұсынды, алайда ғалымдар арасында түрлі көзқарастар бар, кейбірі әлі уақыт келген жоқ десе, ал өзгелерінің пікірінше Қытайда негізгі шарттары қалыптасып қойған. Осылайша, елдегі міндетті он екі жылдық әмбебап білім беру ұсынысы әліде болса талқылауды қажет етеді», – деді ол. Ал Ұлттық тестілеу орталығы Алматы қалалық филиалының директоры Нұрмахан Әуесбекұлы баяндамада ұсынылған тың бағыттарды ұтымды пайдалану үшін болашақ ғалымдарды сынақ ретінде білім беретін мектептерге шақырды.

 А.Бейімбетқызы

Серіктес жаңалықтары