Қазақстанда сепаратизм үшін қылмыстық жаза берілмек

Қазақстанда сепаратизм үшін қылмыстық жаза берілмек

Қазақстанда сепаратизм үшін қылмыстық жаза берілмек
ашық дереккөзі
790

 Жаңа Қылмыстық кодекс жобасы бойынша Қазақстанның аумақтық тұтастығын заңсыз өзгертуге шақыру әрекеті үшін азаматтар 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Бүгінде интернет бұқаралық
ақпарат құралдары дәрежесіне теңестірілгендіктен бұл бап сепаратистік үгіт
материалдарына және бұқаралық үндеулерге қатысты да қолданылады. Байқасақ, соңғы
кездері әлеуметтік желілерде, чаттар мен жылдам хабар алмасу агенттерінде аузына
келгенін оттап, арандатуға баратын пайдаланушыларды осылай тыймақ. “Қылмыстық
кодекс жобасына сепаратистік әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастыратын
жаңа бап енгізіледі. Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын заңсыз,
конституциялық емес өзгертуге шақыру қылмыстық жолмен жазаланатын әрекет,
дезинтеграция болып саналады”, – деді ҚР Бас прокуратурасы департаменті
басқармасының бастығы Арман Аяғанова.

Аяғанова ханымың айтуынша, бұл
бап ауыр қылмыстар қатарына жатқызылмақ. «Оның бірінші бөлімі бойынша ең
жоғарғы жаза – жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылады. Егер бұл
әрекетті тұлға қызмет бабын пайдаланып жасайтын болса, онда оған 10 жылға дейін
бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін”, – деді А.Аяғанова.

Естеріңізде болса, бір жылдары Алматы облысында ұйғыр автономиясын құрамыз деп картасын сызып, туын бекітіп алған бір топ жастар көліктерін көшеден жүріп өткеніне көпшілік куә болған. Сондай-ақ қазақ елінің территориясында да, одан тыс жерде де Қазақстанның солтүстік аймақтарынв күмән келтіргендер енді ауыр жазаланатын болды.

Серіктес жаңалықтары