Тойың тойға ұлассын, ҚазҰТУ!

Тойың тойға ұлассын, ҚазҰТУ!

Тойың тойға ұлассын, ҚазҰТУ!
ашық дереккөзі
215

Биыл Қ.И. Сәтбев атындағы ҚазҰТУ-ға 80 жыл. Университет жастары арасында мерейтойды атап өту басталып кетті. 28 наурыздан басталған «ҚазҰТУ көктемі-2014» фестивалі бірінен-бірі өткен өнерпаздардың орындауында күннен-күнге жалғасып жатыр. Әр институтқа бір күн арнайы берілген бұл мереке сегіз күн бойы өтеді. Фестиваль шығармашыл жастардың өнерін шыңдауды мақсат етіп, 16 номинация бойынша барлық жанрды қамтыған. Аспанға шарықтаған халық әні, халық аспаптар орындауындағы күмбірлеген күй, мың бұралған би, сахналық қойылымдар, жүректен жүрекке жеткен поэзия жанры да бар. Студент жастармен қатар оқытушы-профессорлар құрамымен ерекшеленген фестивальға әрбір институттан 300-ден астам өнерпаздар атсалысуда.

 Фестиваль бағдарламасы әрбір нөмірінде 80 жылдық тарихында өзіндік орны қалған Қ.И. Сәтбаев, Қ.Тұрысов, т.б. белгілі ғалымдардың өмір жолдарын, ізденістері мен тың жаңалықтарын да қамтып отырады. Қызықтыратыны, бүгінгі концерттен шығып, «Ертең не болар екен?» деп асығып қайтамыз. Сонымен бірге, өнерлі жастар әр концерттің шарықтау шегіне көтерілген халық аспаптар оркестрі мен хор ұжымын өте белсенді ұйымдастырған. Осы жұмыста институттардың шығармашылық ұжымдарының, университет тәрбие жұмысы департаментінің ерен еңбегін бағалауға болады. Өнер мен білімге ұмтылған студенттердің еңбегін әділ бағалап, қолдау көрсетіп, көрермендермен бірге тамашалаған қазылар алқасының құрамында тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Сәрсенбекова Гүлнар Әлібекқызымен бірге ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы оркестрінің дирижеры, дирижерлар конкурсының лауреаты Бекентұров Жанас та бар.

Бибігүл Қайырсламқызы,

ҚазҰТУ-дың Тәрбие жұмысы департаменті қызметкері

Серіктес жаңалықтары