Оңай олжа – оқушыларға тағам жасау ма?

 

«Ас тұрған
жерде ауру тұрмайды» деседі. Бүлдіршіннің денсаулығын бүлдіргендер кінәні
мойнына ала ма? 11 оқушының асханадан жеген ірімшігі мен сүзбесі улануға себеп
болған деген уәж айтуда. Ал аспазшылар сүзбені өздері дайындамайтынын, тіпті
директордың басқа кәсіпкерге асхананы алып бермекші болғанын да жасырмады. «Балалардың улануы тендерді өзге кәсіпкерге беруді көздеген мектеп
директорының әрекетінен болуы мүмкін» деген болжам бар

Былтырғы
жылдың аяғында Алматы облысында балабақшалардың бірінде 30-ға жуық бала уланып,
ауруханаға түскен болатын. Онда да жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық
мекемелер жылы жауып қойған.

Сонда мемлекеттік
мекемелердің барлығына тамақ таситындар белгісіз кәсіпкерлер. Олардың құжатын
сол мектеп тексермейді де, тексеруге құзыры да жоқ. Мемлекеттік мекеме демекші,
күні кеше Қызылорда қаласындағы әскери бөлім сарбаздары ауыз судан уланды деген
хабар тарады. Әйтеуір астан емес. Десе де жергілікті халық та осы суды тұтынып
отырған көрінеді, сондықтан «Егер сарбаздар құбырдағы судан уланса, тұрғындар
арасында да улану дерегі болуы тиіс еді», – дейді жергілікті билік. Аталмыш облыстағы
елдімекен Қызылжармада 6 мыңға жуық халық бар. Су өткізу желісі әскерилерге де,
азаматтық тұрғындарға да ортақ. Олай болса бірден соқталдай 36 жігіт неден
уланды? Тағы да астан емес пе деген күдік туады. Бірақ СЭС мамандары
сарбаздардың неден ұшынғанын бүгін ресми түрде айтуы тиіс.

Back to top button