Жарылғап Қалыбай 12 жылға соттала ма?

Жарылғап Қалыбай 12 жылға соттала ма?

Жарылғап Қалыбай 12 жылға соттала ма?
ашық дереккөзі
543

Соңғы бірнеше күнде әлеуметтік желіде
ең көп талқыланған тақырыптың бірі –
«Жұлдыздар отбасы»
журналының «Аңыз адам» қосымшасына жағылған жала, тағылған айып. «Аңыз адам»
журналының иесі Жарылқап Қалыбайға арнайы нөмірін Адольф Гитлерге арнағаны үшін
12 жылға дейін бас бостандығынан айрылу қаупі төніп тұр.

www.tengrinews.kzсайтының
жазуына сүйенсек, Қазақстанның Байланыс және ақпарат агенттігі «Аңыз адам»
журналының мұқабасында Гитлердің суретінің басылуы жайында: «Жұлдыздар-отбасы –
Аңыз адам» журналының сәуір айындағы нөмірінің шығуына орай, ҚР Байланыс және
ақпарат агенттігінің мәлімдемесі: журналдағы мәтіндер ҚР Конституциясы мен
заңнамалық актілерін бұзған. Соның ішінде әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік
немесе діни алауыздықты тудыру фактілері кездеседі   (ҚР Қылмыстық Кодексінің 164 бабы). Агенттік бұл факт бойынша,
қажетті шараларды қолданатын болады, – делінген онда. Қазақстанның Қылмыстық
кодексі бойынша, бұл қылмыс үшін ең жоғары жаза – 12 жылға дейін бас
бостандығынан айрылу. 164 баптың бірінші бөлімі бойынша, оны 1000 АЕК көлемінде
айыппұл төлейді немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылады.

Жарылқап Қалыбайды
ұлтараздығын тудырды деп айыптаушылар оны Ресей Федерациясының президенті
Владимир Путинді Адольф Гитлермен салыстырғаны үшін жауапқа тартып
отырғандықтарын айтады. Алайда Жарылқап Қалыбайдың өзі «Аңыз адам» журналындағы
мақалада Путинді Адольф Гитлер секілді әсіреұлтшылдықтан сақтандырғанын айтады.
Назарларыңызға Жарылқап Қалыбайдың өз мәлімдемесін жолдауды жөн көріп отырмыз:


АҢЫЗ АДАМ» журналына «жаптым жала, жақтым
күйе» деп қаралаушылардың назарына!


edff5c7d183f56cc19937c416a4dca74.jpg

«Адольф Гитлердің өмірбаяны мен қызметін жаздың»
деп жазғырып, мәселенің байыбына бармай тұрып байбалам салған, бізді Қазақстан
Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігіне айдап салып, сыртымыздан үкім
шығартуға дейін алып барған ДАУДЫҢ басында тұрған кім деңізші? Ресей
журналистері! Нақтырақ айтсақ, ресейлік REGNUM «Новости» ақпараттық агенттігінің аты белгісіз авторы. Олар біріншіден, «бұл журнал
Гитлердің 125 жылдығының құрметіне басылды» дейді. Журналда оның 125-ке толғаны
туралы бір ауыз сөз жоқ, ол, тіпті, біздің ойымызға да келмепті. Бұл – бір.
Екіншіден, «фашистік идеологияны ақтауға арналған» дейді. Ал, біз болсақ,
журналдың алғы сөзінде бас редакторымыз Жарылқап Қалыбайдың «Біз не үшін Адольф
Гитлерді жазып отырмыз?» деген мақаласында бұл сұраққа толық жауап беріп
отырмыз: «Оның екі себебі бар:Біріншісі– мемлекет басына, ғайыптан тайып
А.Гитлер секілді бір адам кездейсоқ келіп қалған жағдайда, оған ерген бүкіл
халықтың орға жығылатынын көрсету үшін!.. Мәселен, бір ғана тарихи тұлға
дүниенің астаң-кестеңін шығарып, төңкеріп жібере жаздады. Бүкіл әлемнің 72
мемлекеті қатысқан адамзат тарихының ең сұрапыл соғысында 60 млн.-ға жуық адам
қаза тауып, 110 млн.-нан астам адам жарақат алды. Осылайша Адольф Гитлер –
Екінші дүниежүзілік соғыстың ең басты қылмыскері болып табылады. Ал оған ерген
неміс халқы Гитлердің ұлтшылдық-фашистік идеясының құрбандығына айнала жаздады.

beaf3082d06c23d97df6a0376b793470.jpg

Екіншісі– ұлтшылдық-шовинистік идеяны қайта жалаулатып келе жатқан
құдайы көршіміз – Ресей империясының қазіргі билігінің аса қауіпті саясатынан
қорғану мақсатында жазып отырмыз!».

«Гитлер мен Путиннің
іс-әрекеттерінде ұқсастық бар ма?» деген сауалымызға белгілі тарих ғылымдарының
докторлары – Сайын Борбасов пен Зардыхан Қинаятұлы және саясаттанушы-ғалым
Расул Жұмалы Ресейге Путиннің басшы болып келуімен бірге, скинхедтердің,
неофашистік қозғалыстардың пайда болғанын, Гитлер Чехияның Судет қаласын қолдан
ұйымдастырылған референдуммен қосып алса, Путиннің Қырымды осыған ұқсас
әдіс-тәсілмен Ресейге қосқанын, сондықтан мұндай идеологияға дер кезінде
тойтарыс беріп, адамзат баласы фашизмнен сабақ алу керегін тілге тиек етті.

Бірақ, журнал редакциясының негізгі
ұстанымын көпе-көрнеу көргісі келмеген Ресей агенттігінің журналисі журналдың
мазмұнын одан әрі қарай қара күйемен бояй түседі. Мәселен, қоғам қайраткері
Нағашыбай Есмырзаның журнал редакциясының «Гитлер қандай тұлға?» деген сұрағына
берген жеке пікірін, ұялмай-қызармай бұл журнал журналисінің «Гитлер – фашист
емес» деп жақтаған мақаласы ретінде көрсетсе, екінші жерде – Гитлердің еңбегін
«Майн Кампф» қандай кітап?» деп жазған деп айыптайды. Бірақ, өз пайдасы үшін
«Майн Кампфтың» қандай кітап екенін анау-мынау емес, фашимзнің ең басты жауы
Уинстон Черчилльдің сол үшін Нобель сыйлығын алған «Екінші дүниежүзілік соғыс»
кітабынан алынған үзінді екенін әдейіге байқамай қалады. Ал, Нағашыбайдың
пікірі туралы айтар болсақ, «журнал жарияланымдарындағы автор пікірі
редакцияның түпкілікті көзқарасы болып есептелмейтіні» бесенеден белгілі.
 

Кейбіреулер «АҢЫЗ АДАМ» журналы
неге тек ұлы адамдарды ғана жазбайды?» деп айыптайды. Біз оларға бірнеше рет
қайталап айтамыз: «АҢЫЗ АДАМ» деген сөз – ұлы адам деген сөздің баламасы емес,
бұл медиажоба елдің аузында ең көп сөз болып жүрген тарихи тұлға туралы
басылым. Және ең бастысы, бірінші бетке жеке тұлғаның суреті жарияланғанымен,
біз әрқашан да жеке тұлға өмір сүрген тарихи кезеңнің ақиқатын ашуға баса көңіл
бөлеміз. Бірінші бетті мұқият оқыған адам байқамауы мүмкін емес! Онда «Екінші
дүниежүзілік соғыстың тарихы» деп жазылған, ал Гитлердің суретінің жоғарғы
жағына«адамзат қасіреті»деген белгі қойылған.

Алайда, Ресей агенттігінің басты
мақсаты – Владимир Путинді Адольф Гитлермен салыстырған қазақ журналын жаптыру,
ал оның «Скат» компаниясының ұшағында қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап
еткен «ұлтшыл» бас редакторын жазаға тартқызу. Сол үшін де «араб елдерінің
маманы болып табылатын»(агенттіктің жазуы бойынша)Расул Жұмалының өз сұхбатында Владимир
Путинді Адольф Гитлермен салыстырған жеріне ерекше шүйлігеді. Расул Жұмалының
Қазақстандағы белгілі саясаттанушы ғалым, қоғам қайраткері екенін әдейі ауызға
алмайды.

Ең бастысы, Қазақстанның «Құқық
қорғау және бақылау органдары неге мұны елемей отыр?» деп ҚР Байланыс және
ақпарат агенттігі мен басқаларын журнал редакциясына қарай айдақтайды. «Біз бұл
оқиғаның дамуын мұқият қадағалайтын боламыз» деп сес көрсетіп қояды. Бұған
кейіннен Rosbalt.ruсайты қосылды.

Аталмыш Ресей ақпараттық
агенттігінің өз ұлттық мүддесін қорғап жазған «жаптым жала, жақтым күйе»
мақаласын жерден жеті қоян тапқандай қуана-қуана қайта басқан Nur.kz сайты қай
елдің мүддесін қорғап отыр? Оны одан ары қолдай кеткенTengrinews.kz, Today.kz,
Zakon.kzсайттары мен орыстілді телеарналар қай
елдің мүддесіне жұмыс істеп отыр? Мәселен, Ресей материалын бірінші болып
басқан Nur.kz порталының құрушысы әрі бас директоры Василий Ульянов Новосібірде
білім алғандықтан Ресейге бүйрегі бұрып отырған болар. Ал, басқаларға не жоқ
десейші?

Әсіресе, фейсбук сияқты әлеуметтік
желілердегі көптің дүрмегіне еріп, журналды оқымай, көрмей тұрып, Ресей агенттігі
мен Ресейге бүйрегі бұрған қазақстандық орыстілді сайттардың жазған ешқандай
негізсіз, дәйексіз жаласына сеніп,

«Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды –
Әдеті надан адамның» (Абай)деген психология бойынша«АҢЫЗ
АДАМ» журналы мен оның бас редакторы Жарылқап Қалыбайды жерден алып, жерге
салуына жол болсын. Әйтсе де, журналды оқығандар да аз емес. Олар мәселенің
байыбына бармай тұрып, байбалам салушыларға тиісті тойтарыс беруде.

83a2c39f8e6c657bcbdf5549e3f234f3.JPG

Қысқасы, бұл Қазақстан мен Ресей
азаматтарының арасындағы ақпараттық соғыстың бір көрінісі. Өкінішке орай,
біздің билік 23 жылдан бері тәуелсіздігіміздің ең басты тұтқасы болып табылатын
– ақпараттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз ете алмады. Сондықтан да, көрші елдің
ақпараттық «әскері» бізге не жазып, не қоюымызды және қалай жазу керек
екенімізді басқарып, керек болса, жоғарыдан бұйырып отыр. Бірақ, ол әріптестер
дәл осы Адольф Гитлердің «Майн Кампф» кітабының 1992 жылы Ресейде жарияланғанын
(Гитлер А. Моя борьба. Москва, издательство Т-Око, 1992 год), электронды
нұсқасының Ресей сайттарында күнде ілініп тұратынынhttp://www.911-truth.net/Adolf_Hitler_Mein_Kampf_Russian_translation.pdf,
бұдан басқа да А.Гитлер туралы жүздеген ресейлік басылымдардың жарияланғанын
және Владимир Путин билікке келген уақыттан бастап скинхедтер деп аталатын
неофашистік  ұйымдар мен қозғалыстардың қаптап кеткенін, олардың әр күні
түнде славян емес халықтардың өкілін ұрып-соғып, ешкім көрмеген жерде өлтіріп жатқанын
түк болмағандай байқамағансиды. Ал, Адольф Гитлердің дәл осындай
ұлтшылдық-фашистік идеясына ерген халықтың адамзат баласына қандай қасірет
әкелгенін ашып көрсетпек болған қазақтың «АҢЫЗ АДАМ» сияқты журналы мен оның
«ұлтшыл» бас редакторын Путинді – Гитлерге, орыс скинхедтерін – неофашистерге
теңеп көрсеткені үшін жазаға тартқызғысы келеді. Және оларға Ресей баспасөзін
оқып, телеарнасын көру арқылы қоғамдық пікір қалыптастырып отырған кейбір
жергілікті орыстілді журналистер  мен қазақстандықтар «әйт, бас» десе қоса
қабады.

Ұзын сөздің қысқасы, құрметті
оқырман қауым, ең алдымен журналымызды толықтай оқып шығып – соттасаңыздар да,
жақтасаңыздар да содан кейін барып – әділ пікір  білдіріңіздерші. 

Құрметпен,

Жарылқап ҚАЛЫБАЙ және «АҢЫЗ
АДАМ» журналының ұжымы  

Серіктес жаңалықтары