Құрметті «Түркістан» газетінің ұжымы!

Құрметті «Түркістан» газетінің ұжымы!

Құрметті «Түркістан» газетінің ұжымы!
ашық дереккөзі
184

Сіздерді «Түркістан» халықаралық қоғамдық-саяси газетінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында дүниеге келіп, ақпарат айдынында өзіндік ерекшелігімен оқырманын бірден баурап алған бұл газет еліміздің саяси, экономикалық және мәдени-әлеуметтік дамуына сүбелі үлес қосып келеді.

«Түркістан» газетінің  тұрақты оқырманы ретінде айтарым, мемлекеттік мұратты діттейтін, жұртшылықтың  көкейіндегі түйткілді мәселелерді дер кезінде көтере білетін жарияланым осы уақыт  ішінде қоғамдық пікірдің шынайы мінберіне айналды.  

20 жыл бойы өз оқырмандарын ел өміріндегі елеулі оқиғалардан хабардар етіп келе жатқан «Түркістан» газеті еліміздің өткен тарихы мен ертеңгі болашағын жалғастырушы рухани діңі іспетті. 

Түбі бір түркі жұртының рухани астанасының атын иеленген «Түркістан» газетінің алты алашқа ортақ келелі мәселелерді көтеріп, ел ынтымағын арттыру, рухын көтеру бағытындағы  қызметі жемісті болсын. 

Басылымның мерейлі қуанышына орай редакция ұжымына шалқар шабыт, мұқалмас ерік-жігер, шығармашылық табыс тілеймін! 

Қазақстан Республикасы 

Парламенті Сенатының 

Төрағасы                                                                                                       Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ 

Серіктес жаңалықтары