Жол ережесін бұзғандар үшін, айыппұл екі есеге артады

Жол ережесін бұзғандар үшін, айыппұл екі есеге артады

Жол ережесін бұзғандар үшін,  айыппұл екі есеге артады
ашық дереккөзі
213

Елімізде жол ережелеріне қатысты заңнама
жылдан-жылға қатаңдатылуда. Соның нәтижесінде соңғы кезде жол ережесін еркінен
тыс бұзушылардың қатары азайған. Демек, заңды біле тұра, қасақана бұзушылар ел бюджетіне
қомақты салық құйып жатыр деген сөз.

Бұрынғы бұрынғы ма, қазір
жүргізушілерге салынатын айыппұл көлемі тағы артып отыр. Ертеңнен бастап Қазақстанда жол ережелеріне бағынбағандар жаңа
заң бойынша айыппұл төлейтін болады. Жаза көлемі 2 есеге артқан. Мәселен, көлікте отырып ұялы телефонмен сөйлескен және техникалық бақылаудан өтпеген
көлік жүргізушілері 3 АЕК көлемінде айыппұл төлесе, үлкен жылдамдықта жүруді
жаны сүйетін жүргізушілердің де қалтасы қағылмақ.

Сондай-ақ, жылдамдықты асырғандар (10-20 км.сағат)
10 АЕК, рұқсат етілмеген жерге тоқтасаңыз 10 АЕК, рұқсат етілмеген жерден
бұрылу 10 АЕК, көше қиылысында кептеліс тудырсаңыз 10 АЕК айыппұл төлейсіз.

Бұдан былай көлікті қалаған
жерге қоюға болмайды. Бұл салғырттық үшін 5 АЕК көлемінде айппұл төлеу міндет. Мас күйінде көлік басқарған
жүргізушілер 5 жылға куәлігінен айырылады. Жаяу жүргіншілердің де тәртібі қатаң
бақылауға алынбақ. Енді бірнеше мәрте ереже бұзған азаматтар 15 АЕК көлемінде
айыппұл төлейді.

Айтпақшы,автокөліктің қымбат
нөмірлерінің жаңа бағасы да белгіленіпті. Бұған ІІМ өзі мұрындық болуда. Орган бірыңғай сандардан басталатын қымбат
нөмірлерді ресми түрде саудалау арқылы ел қазынасына қыруар қаржы құюды көздеп
отыр. Бұл жоба Салық комитетімен келісімге келіп жасалған. Бекітілген
құжат бойынша, 100-ден 900-ге дейінгі нөмірлер мен 111-ден 999-ға дейінгі әдемі
нөмірлер 253 мың теңгеден сатылады.Ал,
001-ден 009-ға дейінгі ерекше нөмірлердің құны 422 мың теңге болмақ. 777-нің де
бағасы осындай. Өйткені үш жеті – қазақстандықтар арасында жоғары сұранысқа ие
нөмір. Мәселен, Грузияда мұндай нөмірлердің бағасы 10 мың доллар екен. Бір
қызығы, оны бес жыл ішінде бес-ақ адам сатып алған. Соған қарағанда, бірыңғай
сандардан тұратын нөмірге тек қазақстандықтар ғана құмар-ау шамасы…

Динара Дүрмән

Серіктес жаңалықтары