Оралман: Павлодар облысы 125 отбасын қабылдамақ

Оралман: Павлодар облысы 125 отбасын қабылдамақ

Оралман: Павлодар облысы 125 отбасын қабылдамақ
ашық дереккөзі
297

Павлодар облысы әкімшілігінің баспасөз қызметі биыл облыс көлеміне Моңғолия, Өзбекстан және Ресейдегі қандастарымыздың 125 отбасын қабылдайтыны жөнінде мәлімдеді.

Қоныс аударушыларды бейімдеу мен біріктіру бойынша кешенді жоспар бекітілді. Облыс басшысы Қанат Бозымбаев қалалар мен аудандар әкімдеріне көшіп келуші отбасыларды орналастырып, жұмыспен қамтып, бейімделуі үшін барлық қажетті жағдайларды жасауды тапсырды.

Олар Павлодар, Екібастұзға және өңірдегі тоғыз ауылға орналастырылады.

Павлодар облысы ҚР Үкіметінің «Оралмандарды орналастыру үшін аймақтарды анықтау туралы» Қаулысымен оралмандарды қоныстандыру аймағы ретінде анықталған», делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында.

“Түркістан-ақпарат”

Серіктес жаңалықтары