«АЛТЫН АСТАУДАН» СЫБАҒА АСАҒАНДАР

«АЛТЫН АСТАУДАН» СЫБАҒА АСАҒАНДАР

«АЛТЫН АСТАУДАН»  СЫБАҒА АСАҒАНДАР
ашық дереккөзі
242

Білім саласындағы жемқорлықтың етек жаюы, «инемен қазылатын білімді», нағыз «алтын астауға» айналдырған екен. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаевтың айтуынша, бүгінде жоғарғы оқу орындарын басқару көлеңкелі және есеп бермейтін деңгейге жеткен. «Өкінішке қарай, бүгінгі таңда біздің ЖОО-лар деңгейіндегі барлық шешім ашық емес. Мұнда сыбайлас жемқорлықтың элементтері өте жоғары. Елімізде сыбайлас жемқорлық жағынан білім саласы үшінші орында тұр. Сарапшылар берген ақпар бойынша, студенттің бір сессиясы 50 мың теңгені құрайды, тіпті одан да жоғары. Ал жалпы заңсыз ақша айналымы ондаған миллион доллардан асып түседі», – деді Такир Балықбаев Жоғарғы оқу орындарының басшылары қатысқан жиналыста.

Такир Балықбаев жуырда Білім және ғылым министрлігінде антикоррупциялық саясатқа қарсы Кеңес құрылатынын да ескертті. Жалпы осындай кеңестің барлық мемлекеттік ұйымдарға қажет екенін жасырын емес. Оның пайымдауынша, бұл шара ЖОО-ларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті үйлестіріп, жастарды пара бермеуге, жемқорлыққа қарсы тұруға тәрбиелеуге септігін тигізбек. Егер заңсыз айналымдағы қаражаттың жалпы сомасын есептеуге болатын болса, оның алдын алуға да болады. 

Ақниет ОСПАНБАЙ 

Серіктес жаңалықтары