ҚҰРМЕТТІ ШӘМШИДИН ӘШЕНҚОЖАҰЛЫ ЖӘНЕ «ТҮРКІСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ!

ҚҰРМЕТТІ ШӘМШИДИН ӘШЕНҚОЖАҰЛЫ ЖӘНЕ «ТҮРКІСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ!

ҚҰРМЕТТІ ШӘМШИДИН ӘШЕНҚОЖАҰЛЫ ЖӘНЕ  «ТҮРКІСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ!
ашық дереккөзі
416

«Түркістанның» 20 жылдық  мерейтойына  байланысты құттықтау  лебізімді  қабыл алыңыздар!

Басылым  бұл  жылдар  аралығында  тек  қазақтың  ғана емес, түркі  дүниесінің  шамшырағына айналды.

Кезінде Қалтай ағамыз негізін  қалаған  басылым  жылдар  бойында  өзінің  негізгі  қағидаттарынан  айнымай  – ұлтты толғандыратын  да, ойландыратын   мәселелерді алға тартумен келеді. «Түркістанның» экономика, қаржы  саласына  қатысты  талдаулары  да үнемі  назарымызда.

Басылым Сіздің  жетекшілігіңізбен  ақпарат  саласындағы  орнын  нықтап, оқырманын  молайтып, бәсекеге қабілеттілігін  көрсетіп отыр. Газеттің  соңғы  технологияларды  пайдалану барысында  жағымды  нышандарды  байқаймыз.

Мерейтойларыңызбен ықыласпен  құттықтай  отырып, қаламдарыңыз  ұшқыр, бастамаларыңыз бен  ұсыныстарыңыз өтімді,  жазарларыңыз  мол  болсын деп  тілемекпін!

                                                                                     

Ізгі ниетпен, 

Ұлттық банк төрағасы 

Қайрат Келімбетов

Серіктес жаңалықтары