ҚАДІРМЕНДІ «ТҮРКІСТАН» ГАЗЕТІ РЕДАКЦИЯСЫНЫҢ ҰЖЫМЫ!

ҚАДІРМЕНДІ «ТҮРКІСТАН» ГАЗЕТІ РЕДАКЦИЯСЫНЫҢ ҰЖЫМЫ!

ҚАДІРМЕНДІ «ТҮРКІСТАН» ГАЗЕТІ РЕДАКЦИЯСЫНЫҢ  ҰЖЫМЫ!
ашық дереккөзі
392

Өзімнің  және  Қарағанды  облысы  жұртшылығының  атынан  «Түркістан»  газетінің  20 жылдық  мерейтойымен  шын  жүректен  құттықтауымды  қабыл  алыңыздар!

20 жыл бойы  оқырмандарға жол тартып  келе жатқан  халықаралық  саяси  апталық  бүгінде  тәуелсіз  мемлекетіміздің  ақпарат  айдынынан  өзінің  лайықты  орнын алды.  Ел тәуелсіздігінің  нығаюына елеулі  үлес  қосты.

Осы уақыт  аралығында  басылым  ұлттық  рух пен  мемлекеттілік  идеяның жаршысына, отандық ғылым мен  білімнің, мәдениет  пен  руханияттың айнасына  айналды.

Басылым  Елбасымыздың  сарабдал  саясатын  жүзеге  асыруда және жастарға  Отансүйгіштік, патриоттық тәрбие беруде, халқымыздың  рухани-мәдени  құндылықтарын  кеңінен  насихаттауда үлкен  жұмыстар  атқарып  келеді.

Газеттің  шығармашылық  ұжымын  осы  мерейтоймен  құттықтай отырып, ақпарат  айдынындағы  еңбектеріңізге  телегей табыс, шалқар  шабыт  тілеймін.

Қарағанды облысының әкімі  

Бауыржан Әбдішев

Серіктес жаңалықтары