ҚҰРМЕТТІ ШӘМШИДИН ӘШЕНҚОЖАҰЛЫ!

ҚҰРМЕТТІ ШӘМШИДИН ӘШЕНҚОЖАҰЛЫ!

ҚҰРМЕТТІ ШӘМШИДИН ӘШЕНҚОЖАҰЛЫ!
ашық дереккөзі
273

Қазақ баспасөзінің тарихында аты алтын әріппен жазылған аға басылымдар аз емес, бірақ солардың арасында бүгінде өзіндік дәстүрлі қалыптасқан «Түркістан» басылымының орны айрықша.

«Түркістан» алғашқы санынан-ақ қалың қазақ оқырманын өзінің жеделдігімен, дәйектілігімен және жан-жақты мазмұнға бай ақпараттық-сараптамалық, танымдық мақалаларымен өзіне баурап алғаны ақиқат. Сол арқылы халыққа қызмет етуде өзгелерге ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленді. 

Басылым беттерінде еліміздің бүгінгі толағай жетістіктерін, алдағы мақсаттарға жетудегі игі бастамалары мен кездесіп отырған қиындықтарды жеңудің жолдарын шынайы түрде жазып келеді.

Тәуелсіз Қазақстанның осы жылдардағы қол жеткен жасампаз істерге толы шежіресін, әлеуметтік мәселелерін батыл көтеріп келеді. Соның нәтижесінде жыл сайын оқырмандар қатары көбейе түсуде. Өйткені, журналистердің кәсіби шеберлігі жоғары, қаламы қарымды, ойы терең, тынысы кең.

Құрметті түркістандықтар!

Бүгінгі мерейтой үстінде Сіздерге өмірдің өрінен, шығармашылықтың төрінен көріне берулеріңізге тілектестігімді білдіремін. Денсаулықтарыңыз зор, ырыс-дәулеттеріңіз мол болсын!

                 

Құрметпен, 

Жамбыл облысының әкімі 

Кәрім Көкірекбаев

Серіктес жаңалықтары