ҚҰРМЕТТІ «ТҮРКІСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ!

ҚҰРМЕТТІ «ТҮРКІСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ!

ҚҰРМЕТТІ «ТҮРКІСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ!
ашық дереккөзі
184

Қазақ баспасөзінің тарихында «Түркістан» газетінің алар орны айрықша. Қазақстан Республикасы Министрлер Кеңесінің қаулысы негізінде дүниеге келген басылымның алғашқы саны осыдан жиырма жыл бұрын жарық көрді.

Түбі бір түркі әлемінің мәдени-рухани байлығын жан-жақты көрсетіп, ел мүддесі мен оқырманның сұранысына сай болуды мақсат тұтқан басылым жиырма жылдық асуды абыроймен бағындырды. Осы жылдар ішінде беделді басылымға айналып үлгерді.

Халықаралық «Түркістан» газеті көтерген мәселелер көкейкестігімен, ауқымдылығымен көз тартса, ондағы әрбір мақала мазмұндылығымен және елжандылығымен ерекше тартымды. Бұл – ұжымдық еңбек пен жүйелі жұмыстың, шығармашылық ізденістің жемісі.

«Түркістан» Тәуелсіз Қазақстанның ақпарат нарығында өзіндік орны бар, «Халықтың тілі, көзі һәм құлағы» болып отырған ақпарат құралдарының бірі. Газет беттерінде Ұлтымыздың ұйытқысы саналатын Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасы саясаты мен аймақтағы мәдени-рухани құндылықтардың тұрақты жариялануы оңтүстік қазақстандық оқырмандардың көңілінен шығуда.

Құрметті «Түркістан» газетінің ұжымы!

Тәуелсіз қазақ баспасөзі қарлығаштарының бірі – «Түркістан» газетінің жиырма жылдық мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа шығармашылық табыс­тар тілейміз.

Ізгі ниетпен,

 Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі

 Асқар Мырзахметов

Серіктес жаңалықтары