КЕШ АҚЫННЫҢ САЗГЕРЛІК ҚЫРЫНА АРНАЛДЫ

КЕШ АҚЫННЫҢ САЗГЕРЛІК ҚЫРЫНА АРНАЛДЫ

КЕШ АҚЫННЫҢ САЗГЕРЛІК  ҚЫРЫНА АРНАЛДЫ
ашық дереккөзі
218
Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өткен Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері бірнеше жыр мүшәйрасы, ақындар айтысы жыраулар, сазгерлер байқауларының жүлдегері, ақын, сазгер Аманғазы Кәріпжанәулетінің шығармашылық кеші оның сазгерлік қырына арналды. Ақын шығармашылығына Жазушылар Одағы төрағасының орын­басары Маралтай Райымбекұлы шағын баян­дама жасап, ҚР Президенті әкімшілігі мен Қазақстан Жазушылар Одағының құттықтау хаттары және естелік сыйлықтарын табыстады. Аманғазының өз әндері мен ән мәтіндерінің мазмұнына түсініктеме беріліп, өнер жұлдыздары көңілдегідей орындап шықты. Шара барысында ақындардың кеш иесіне өлеңдері де оқылып, ақ тілектер айтылды..

Серіктес жаңалықтары