7 мың Қырым татары неге босты?

7 мың Қырым татары неге босты?

7 мың Қырым татары неге босты?
ашық дереккөзі
238

                                                 Ресейлік сеператистерге тоқтау бола ма?

Бір айта кетерлігі, украиналық олигархтардың ішінде де елге, ұлтқа бүйрегі
бұратындар бар екен. Күні кеше украиналық кәсіпкер Ринат Ахметов Донбасс
шахтерлерін бірауыздан «Донецк халықтық республикасына» қарсы наразылық шеру
өткізуге шақырды. «Систем Кэпитал Менеджмент» қаржылық-өнеркәсіптік тобын
басқаратын ол: «Мен барлық еңбек ұжымын алдын ала құлақтандырылған наразылық
шарасында басқосуын сұраймын. Мариупольде бейбітшілік шеруін өткізуге 50 мың
адам жиналған. Ал Донбасста 1 млн. адам шығуға келіскен. Неге? Себебі, адамдар
көшеде жүруден, үреймен өмір сүруден шаршады. Донбасс көшелерінде мұздай
қаруланған адамдар автоматпен жүр. Бұзақылық пен тонаушылар жаулап алды. Осы
еліміздің күшті екенін білдіре ме? Бейбіт шеруге шыққан халықты әлгі
қараниеттілер атқысы келеді. Бұл бізідң аймақтың тұрғындарына қарсы күрес!
Донбассқа жасалып жатқан геноцид! Елде қан төгілгенін қаламаймын. Осы жерде
тудым, тұрып келемін. Сондықтан бізді ешкім қорқыта алмайды. «Донецк халық
республикасы» дегенді кім шығарды? Оның көшбасшылары кімдер? Олар Донбасс үшін
не істеді?», – деп мәлімдеді. Алайда, Краматорскіде сепаратистер мемлекеттік
орган ғимараттарын басып алып, жергілікті жұрттың мазасын алуды қояр емес. 

818c1a199408c627bf6c1f6de16115ee.jpg

Ресей Қырымды «өз еркiмен» қосып алғаннан кейiн бұл жерден 7 мыңнан
астам татар шетелге кеткен. Неге? Олар жылы орнынан неге жылжыды? Себебі, Қырымда
Қырым татарларын қорқытып-үркiту, олардың құқын аяққа таптау белең алған.
Бүгінде Қырым татарларының көсемi Мұстафа Джемилевтi Қырымға мүлде кiргiзбей
қойыпты. Бұл жөнiнде Украинаның БҰҰ-дағы өкiлi Юрий Сергеев: «Қырым татарлары
өздерiнiң тарихи отанында әдiлетсiздiк көрiп отыр. Ерте ме, кеш пе, осы
әдiлетсiздiк үшiн Ресей тарих алдында жауап беретiн болады», – деген.


Сайлауға дайындық қалай?


654d45f25fa432017a6589382fd88e94.JPG

Украинада өтетін кезектен тыс
сайлауға үш күн қалды. Бұған дейін кейбір сарапшылар бұл сайлаудың өтпеуі
мүмкін екендігін де алға тартқан. Себебі, елдегі экономикалық саяси жағдай
небір күмәнді ойларға жетелеген еді. Дегенмен, конституциялық сот сайлаудың 25
мамырда болатынын және сайланған президенттің өкілеттілігі бес жылға
ұзартылатындығы мәлім етілді.

Бәрінен де жұрт Украинаның
шығысындағы жағдайға алаңдаулы. Премьер-министр Арсений Яценюк кезектен тыс
өтетін сайлауға ешкімнің де кедергі жасауға қақысы жоқ екендігін қадап айтты.
Сонымен, президенттік сайлауда 23 үміткер бақ сынамақ. Ал таласты тартыс
«кәмпит королі» Петр Порошенко мен «газ ханымы» Юлия Тимошенко арасында
өтпекші. Алдын ала жүргізілген әлеуметтік зерттеуге сүйенсек, сайлаушылардың
54,7 пайызы Порошенкоға дауыс бермек. Петр
Порошенко Ресеймен арадағы қатынасты жақсартып, тұрақтылық орнатамын десе,
Тимошенконың мақсаты ЕО пен НАТО-ға кіру. 

a62e825cf3fd1aba6af26c87a2911ced.jpg

Кезектен тыс президенттік
сайлаудың бюджеті де көп емес. Егер 2010 жылы Янукович
сайлауда 400 млн. доллар, ал Тимошенко 
200 млн. доллар жұмсаса, биыл өтетін сайлауға АҚШ 11,4 млн $ бөлуді
көздеп отыр. Қазірдің өзінде Украинаға ЕҚЫҰ-ның 100 бақылаушысы  орналасса, бүгін тағы 900 бақылаушы ұшып
келді. Олардың көшбасында АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайт
бар.


Серіктес жаңалықтары