Әсел Сағатова ана атанды ма?

Әсел Сағатова ана атанды ма?

Әсел Сағатова ана атанды ма?
ашық дереккөзі
258

Танымал актриса, тележүргізуші Әсел Сағатованың ана атанғандығы туралы ақпаратты Instagram әлеуметтік желісі арқылы оның достары таратты. Соңғы үш айда Әсел Сағатова Араб Әмірлігінде болып, сәбиін де сол елде дүниеге әкелген. Дегенмен, бұл ақпаратты актрисаның өзі әлі де ресми түрде растаған жоқ. Әлеуметтік желілердегі актрисаның оқырмандары құттықтауларын жолдап жатыр. Әсел Сағатованың аяғының ауыр екендігі және босануы жөніндегі алып-қашпа әңгімелер ғаламтор беттерінде біраз уақыттан бері таратылып жүр.

Актриса Әсел Сағатова 2010 жылы Радий Мұхамеджановқа тұрмысқа шыққан болатын. «Менің өмірім тұрмысқа шыққаннан кейін аса өзгерген жоқ. Қайта өмірімде өз ойыммен, жоспарларыммен бөлісетін, мені әрдайым барлық жағдайда қолдайтын адам пайда болды. Оның шоу-бизнеске еш қатысы жоқ. Мамандығы кім десеңіз, оның жеке бизнесі, өз кәсібі, менің мамандығыммен еш байланыспайтын өз жұмысы бар» деген болатын бір сұхбатында. Ал қазір Сағатованың өмірлік серігі Радий Мұхамеджанов Қарағанды облысының бұрынғы әкімі, бұрынғы Экология министрі Камалтин Мұхамеджановтың ортаншы ұлы деген деректер бар.

Серіктес жаңалықтары