«Нұр Отан» партиясы журналистер арасындағы жыл сайынғы республикалық «Нұр Сұңқар» байқауына құжаттар қабылдануда

«Нұр Отан» партиясы журналистер арасындағы жыл сайынғы республикалық «Нұр Сұңқар» байқауына құжаттар қабылдануда

«Нұр Отан» партиясы журналистер арасындағы жыл сайынғы республикалық «Нұр Сұңқар» байқауына құжаттар қабылдануда
ашық дереккөзі
238

 

«Нұр
Сұңқар» – бұл партия мен БАҚ өкілдері арасында әріптестік пен 
ынтымақтастықты дамытуға үндейтін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі
журналистерге арналып жарияланатын жылсайынғы ашық байқау.

Байқау жұмыстарының тақырыбы – партияның аса
маңызды бастамаларын, партияның жастар саясатын, партия мен оның
филиалдары, маслихаттардағы фракциялары, сондай-ақ бастауыш партия
ұйымдарының жұмысын жария ету.

«Журналистер өздерінің белсенді ұстанымымен,
қазақстандық қоғамның мүддесі мен қажеттілігін көрсетудегі ынтасымен
«Қазақстан:2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
секілді ауқымды міндеттерді жүзеге асыруға тікелей атсалысуда», – деп
санайды байқау ұйымдастырушылары.

 height=

Өткен жылы оған екі жүзге жуық журналист
қатысқан.  Байқауға 2013 жылғы 1 қыркүйек пен 2014 жылғы 10 маусым
аралығында жарияланған және эфирге шыққан очерк, сұхбат, мақала,
телевизиялық және радиохабарлар, әлеуметтік зерттеулер, жарияланымдар
мен хабарлар және басқа түрлі жанрдағы материалдар қабылданады.
Журналистік жұмыстарды мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынуға болады.
Байқау материалдарын қабылдаудың соңғы күні – 2014 жылғы 14 маусым
(қабылдап алынатын күн). Жеңімпаздарды марапаттау 2014 жылғы 26 маусымда
Астана қаласында өтеді.

Жеті аталым бойынша жеңімпаздарды байқау
комиссиясы анықтайды. Атап айтсақ, «Ерекше пікір» аталымында – үздік
телевизиялық журналист, «Сөз шебері» аталымында – үздік газет журналисі,
«Медиапрофи» аталымында – ақпарат агенттігінің үздік журналисі,
«Көзқарас» – үздік блогер, «Аймақ Айнасы» аталымында – үздік аймақтық
тілші, сондай-ақ қазақстандық журналистикаға қосқан үлесі мен партияның
қызметі туралы үздік материал үшін үздіктер марапатталмақ.

Жеңімпаздарға 1 миллион теңге көлемінде сыйақы табыс етіледі.

Байқау материалдарын Ұйымдастыру комитетіне жолдау
қажет: 010000, Астана қ., Қонаев к-сі, 12/1, «Нұр Отан» партиясының
Орталық аппараты, №705 каб, тел. +7 (7172) 55 55 96, 55 55 63,
электрондық поштаның мекен-жайы press@nurotan.kz.

Журналистер арасында өтетін

«Нұр Сұңқар» республикалық байқауы туралы

ЕРЕЖЕ


1. Жалпы ережелер

1. Журналистер арасында өтетін «Нұр Сұңқар» республикалық
байқауы (бұдан былай – байқау) журналистер қауымын «Қазақстан-2050»
Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Президентінің
Жолдауын жүзеге асыру барысы, Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы
Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауда және басқа да бағдарламалық құжаттарда айқындалған
басты міндеттерді, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы (бұдан әрі – партия) қызметін
жариялауға тартып, халықты партия қызметі туралы ақпараттандыруды арттыру,
журналистердің шығармашылық әлеуетін ашу және ынтыландыру мақсатында
өткізіледі.

2. Байқаудың міндеттері:

журналистер назарын «Қазақстан-2050» Стратегиясы:
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Президентінің Жолдауын
жүзеге асыру барысын жариялауға аудару;

журналистер назарын партия қызметін жариялауға аудару;

Қазақстан қоғамдастығын партияның бағдарламалық
құжаттарының іске асырылуы жөнінде ақпараттандырылу деңгейін арттыру;

партия мен БАҚ өкілдері арасында серіктестік пен
ынтымақтастықты дамыту.

3. Сыйлықтарды тағайындау және дипломдар мен бағалы
сыйлықтарды тапсыру Ақпарат және байланыс күнімен сабақтастырылады.

4. Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау
Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.

5. Байқау комиссиясының құрамына партия Саяси  кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасы
Парламентінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Партия орталық
аппаратының құрылымдық бөлімдері жетекшілері кіре алады.

6. Байқау комиссиясы сыйлықақы алуға талпынушылар мен
дипломдар мен бағалы сыйлықтар алушыларды іріктеу барысында келесі шарттарды
басшылыққа алады:

материалдардың объективтілігі;

көтерілген проблемалар мен шығармашылық талдануының
тереңдігі;

материалдар туғызған қоғамдық резонанс

жұмыстардың шығармашылық толымдығы.

7. Байқауды өткізуді үйлестіру.

Байқауды өткізу жұмысын үйлестіру құрамын партия
Төрағасының Бірінші орынбасары бекітетін байқаудың ұйымдастыру комитетіне
(бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі.

8. Ашықтық.

Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер, қызығушылық танытущы
тұлғалардың барлығына танысу үшін ұсынылады. Ереже БАҚ-та жарияланады.

9. Жеңімпаздар келесі байқауға 3 жылдан кейін ғана қатысуға
құқылы.


2. Байқауға қатысу шарттары

10. Байқауға қатысушылар.

Байқауға қатысуға республикалық және жергілікті
деңгейдегі барлық БАҚ журналистері шақырылады.

11. Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы.

Байқауға қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық тақырыптағы,
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
Қазақстан Президентінің Жолдауын жүзеге асыру барысына арналған, сондай-ақ
партия және оның филиалдарының, барлық деңгейдегі мәслихаттардың, бастауыш
партия ұйымдарының қызметі туралы, партияның өз бағдарламалық құжаттарын іске
асыруы туралы, партиялық бастамалардың қоғамдық маңыздылығы мен партияның
жастар саясаты жөніндегі материалдар қабылданады.

2013 жылғы 1 қыркүйектен 2014 жылғы 10 маусымға дейін
жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар мен
бағдарламалар циклдері  түрлі жанрларда
(очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, әлеуметтік
тергеулер және басқалары) қабылданады.

12. Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар.

Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың
ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау
мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуы тиіс.

Дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге
телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (cd/dvd дискілерінде) ұсынылуы
тиіс.

Электрондық БАҚ журналистері жарияланған материалдардың
көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет.

Материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – ағымдағы жылдың 14 маусым
(алынатын күн).

Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист
туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, журналистің 3х4 см. мөлшеріндегі
фотосуреті, ақпараттық материалдар тізімі.

13. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны.

Бір журналист ұсынатын материалдардың саны бесеуден
аспайды.

14. Жұмыстар байқаудың Ұйымдастыру комитетіне
хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей ұсынылады. Байқау тақырыбына
сәйкес емес, талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан
кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған
материалдар қайтарылып берілмейді.


3. Байқаудың өту кезеңдері

15. Алғашқы кезең.

Республикалық және жергілікті БАҚ-та байқауды өткізу
туралы және оған қатысу шарттары туралы хабарландыру жарияланады.

16. Байқауды өткізудің негізгі кезеңі.

Байқау материалдары байқаудың Ұйымдастыру комитетінің
мекен-жацы бойынша келіп түседі. Байқауға берілген өтініштерді қараудың
регламентін Байқау комиссиясы белгілейді. Байқау комиссиясы өз жұмысының
нәтижесі бойынша байқау лауреаттарын айқындайды.

17. Қорытындылау.

Жеңімпаздарды жариялау келесі номинациялар бойынша
байқауды жалпы қорытындылау аясында іске 
асырылады:

1.  «Ерекше пікір» – Ең үздік телевизиялық журналист

2.  «Сөз шебері» – Ең үздік газет журналисі

3.  «Медиа-профи» – Ең үздік ақпараттық агенттік журналисі

4.  «Көзқарас» – Ең үздік блогер

5.  «Аймақ айнасы» – Ең үздік өңірлік корреспондент

6.  «Қазақстандық журналистикаға қосқан үлесі үшін»

7.  «Партия қызметі туралы ең үздік материал үшін»

18. Жеңімпаздарды марапаттау.

Сыйлықтар 7 номинация бойынша бекітіледі.


4. 
Байқау материалдарын бағалау және іріктеу процедурасы

19. Байқау материалдарын бағалау барысында келесі шарттар
назарға алынады: белгіленген тақырыпқа сәйкестік; жаңашылдық; талдаудың
тереңдігі мен проблеманы ашудың баламалығы; нақтылық пен логикалық негізделуі;
мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы; авторлық тұжырымдаманың
дербестігі; жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған
ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы; журналистиканың этикалық принциптеріне
сәйкестігі; сыртқы безендірілуі.


5. 
Ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері

20. Ұйымдастыру комитеті:

Байқау туралы осы ереженің талаптарына сәйкесіздіктерді
негізге ала отырып, үміткерді байқауға қабылдамауға; қандай да бір үміткерге
қатысты байқау комиссиясының мүшесі өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны
анықталған кезеңде байқау қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы.

21. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:

барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;

байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;

байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын
жария етілуіне жол бермеу.


6. Байқау комиссиясының құқықтары  мен міндеттері

22. Байқау комиссиясы мыналарды іске асыруға құқылы:

Байқауға түскен материалдарға баға беру;

жеңімпаздарға сыйлықтар
тағайындай отырып, байқауды қорытындылау.

23. Байқау комиссиясының міндеттері:

барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;

байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын
жария етілуіне жол бермеу.

Байқау комиссиясы мүшесінің байқауға қатысуына жол
берілмейді.


7. Қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен
жауапкершілігі

24. Байқауға қатысушылар
мыналарды іске асыруға құқылы:

Байқаудың өту шарттары мен
тәртібі туралы ақпараттар алу;

Ұйымдастыру комитетінен осы
Ереженің тармақтарына түсіндіруді сұрау;

Байқауға қатысу үшін материал
жолдау.

25. Байқауға қатысушылардың
міндеттері:

Байқаудың мән-жайымен алдын-ала
танысу, байқауға қатысу үшін қойылатын талаптарды зерттеу;

осы Ереженің талаптарына
сәйкес  рәсімделген материалдарды
уақытылы ұсыну;

осы Ережеде қарастырылған
ережелер мен процедураларды сақтау.

26. Байқауға қатысушылар
келесілер үшін жауапты:

Материалдар мен түйіндемеде
көрсетілген ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін;

Осы Ережеде белгіленген
шарттарды, ережелер мен процедураларды сақтамағаны үшін.


8. 
Медиа ресурстар

Байқауға ақпараттық қолдау жасауды партиялық
медиа-ресурстар мен ақпараттық серіктестіктер қамтамасыз етеді.


9. 
Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты

Байқаудың ұйымдастыру комитеті: 010000, Астана қаласы,
«Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты, Д.Қонаев көшесі, 12/1, №606 каб.,
тел.:55-55-96, 55-55-63, электрондық пошта мекен-жайы: press@nurotan.kz

Серіктес жаңалықтары