Мадина Сәдуақасова ұлды болды

Мадина Сәдуақасова ұлды болды

Мадина Сәдуақасова ұлды болды
ашық дереккөзі
161

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, белгілі әнші, тележүргізуші Мадина Сәдуақасова ана атанды. Биылғы жылдың алғашқы айында Мадина Олжас есімді жігітке тұрмысқа шыққан болатын. Үйлену тойларын дүркіретіп өткізген әнші содан кейін сахнадан алыстап кеткен еді. Ал бүгін Олжас пен Мадинаның отбасылық қуанышын әлеуметтік желілерде әншінің әріптестері жарыса жариялады. Дүниеге шекесі торсықтай ұл әкелген Мадинаның қазір жағдайы жақсы. Нәрестенің салмағы 3, 956 г., бойы 55 см. Олжас пен Мадинаның ақ отауына келген қуанышты хабардан кейін әлеуметтік желілерде барша қазақ жұрты жас ата-анаға ақ тілектерін арнап жатыр. 

Серіктес жаңалықтары