Инвесторлар білім ордаларын меншіктей алады

Инвесторлар білім ордаларын меншіктей алады

Инвесторлар білім ордаларын меншіктей алады
ашық дереккөзі
273

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жекешелендіру процесіне шетелдік инвесторларды да шақырып отыр.
Нақтырақ айтсақ, шетелдік инвесторлардың Қазақстанда меншік алып, өз бизнесін жүргізуіне рұқсат.

Таяуда жекешелендірудің екінші толқыны басталғаны туралы жалпақ жұртқа мәлім болды. Кейбір мемлекеттік мекемелер тізімге алынды. Бұл туралы газетіміздің мамырдағы санында (http://www.turkystan.kz/kz/articles/view/48418) «Жекешелендірудің екінші толқыны басталды» атты мақаланы жариялаған болатынбыз. 

Жоғары оқу орындары мен колледждерді басқаруды инвесторларға тапсыру керек деген идея айтылды.  Сондай-ақ «Үкімет барлық жаңа механизмдерді ескере отырып, мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестікті іс жүзінде енгізуі» тиіс. Шетелдіктер қол жеткізе алатын секторлардың ішінде білім беру, денсаулық саласы, ауыз су және басқа да салалар бар. Бұған дейін елімізде бұл салалардың барлығы мемлекет меншігінде болатын.

Бұл бастаманың екі жағы бар. Біріншіден, мемлекет қазынасынан бөлінген қаржыны қалай да игерумен ғана айналысып отырған мекемелерді шетелдік инвесторлар бір шыбықпен айдайтын еді. Екіншіден, шетелдіктердің жоғарыда аталған білім ордалары мен денсаулық мекемелеріне өз дәстүрі мен тілін енгізбесіне кім кепіл? Атап айтсақ, қарапайым медбике жұмысқа тұру үшін ағылшын, неміс, француз тілін жетік меңгеруі тиіс болады. Сонда орыс тілі мен шет тілі қолға алынып, қазақ тілінің жағдайы тағы не болмақ?

Әлеуметтік маңызды нысандардан басқа да 700 қазақстандық компания сатылымға шығарылып отыр. «Сондай-ақ инвесторларға Қазақстандағы сатып алу мен қызмет түрлерін жүзеге асыруды қайта қарауға шақырамын», – деді Н.Назарбаев.

Серіктес жаңалықтары