Мәулен Әшімбаев Украинадағы сепаратистерге жылу жинаған отандастардың әрекетін заңсыз деп отыр

Мәулен Әшімбаев Украинадағы сепаратистерге жылу жинаған отандастардың әрекетін заңсыз деп отыр

Мәулен Әшімбаев Украинадағы сепаратистерге жылу жинаған отандастардың әрекетін заңсыз деп отыр
ашық дереккөзі
224

 Депутат Мәулен Әшімбаев Украинадағы сепаратистерге жылу жинаған отандастардың әрекетін заңсыз деп көрсеткен. Бұл туралы ratel.su интернет порталы жариялады.

Әшімбаев
мырзаның пікіріне құлақ түрсек, Украинадағы сепаратистерге қол ұшын созған
қазақстандықтарды жауапқа тарту керек екен.

Біз Украинаның тәуелсіздігі мен
территориялық тұтастығына шәк келтірмейміз. Егер Украинаның тәуелсіздігі мен
территориялық тұтатыстығына қайшы келетін әрі нұқсан келтіретін іске жылу
жиналып, акция ұйымдастырылса ол заңсыз болып табылады, – деген депутат. Осыған байланысты еліміздің
құзырлы органдары тиісті шара қолдануы тиіс деп санайды Мәулен Әшімбаев. Жауапты
мемлекеттік мекемелер мұндай оқиғаларға заң жүзінде шара қолдануы керек.
Өйткені, Қазақстан өзімен тарихи және экономикалық байланысы тығыз Украинаның
Тәуелсіздігі мен бостандығын құрметтейді. 

Оңтүстік
Қазақстан облысы мен Қостанай облысының тұрғындары  Украинаның қарулы
күштерінен «зәбір көрген»  Донбасс қаласының тұрғындарына гуманитарлық
көмек жасамақ болып қаржы жинағаны туралы бұған дейін жазған болатынбыз.

Жалпы бұл мәселеге
қатысты Қазақстан азаматтарының өз ойлау құқы бар екенін де ескерте кеткен жөн.
Бұл жеке адамның мәселесіне, оның құқығына қол сұғу емес пе? Әшімбаев мырза
кімді жауапқа тартпақшы?

Серіктес жаңалықтары